АймақБалқаш

Көк Туды желбіреткен шеру

Балқашта рəміздер күнін атап өту Ағыбай батыр ескерткішінің алаңынан қала тұрғындары мен қонақтарының шеруімен басталып, автокөліктер шеруіне ұласты. Одан кейін «Жастар» скверінде жиналған жұртшылық жаппай Əнұранды шырқап, көк Туымызды көкте желбіретті.

Жиында Балқаш қаласының əкімі Сапар Сатаев сөз сөйледі. Ол Қазақстанның мемлекеттік рəміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мəдениет пен дəстүрге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі екенін айтты.

– Мемлекеттік рəміздер – егемендігіміздің басты нышаны. Еліміз еркіндік алған жылдары шекарамыз бекітіліп, рəміздерімізді қабылдадық. Ата-бабадан келе жатқан тарихты жалғастырып, қандай ел екенімізді, қандай мақсаттарды көздейтінімізді осы нышандар арқылы белгіледік. Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын! Көк байрағымыз биікте желбіресін!, – деді шаһар басшысы. Сонымен қатар, мерекемен тұспа-тұс кəмелеттік жасқа толған қыз-жігіттерге жеке куəлік табыстады. 

Нұрдос КƏРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button