Жәдігер

Кәделі кепсер

Қалаңды қайдам, ауылдың кез-келген үйінен мұндай кепсердің түр-түрі кездеседі. Ендеше сабына «Байекеңе кепсер зәру емес, уақыт зәру» деген сөз ойып жазылған аса таңсық емес асүй құралы Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде қайдан жүр?

Бұрынғы «Бірлестік» ұжымшарын ұйымдастырушының бірі, сосын Сарысу асыл тұқымды қой зауытында табан аудармай еңбек еткен Байбосын Ақылбеков — «темірден түйін түйген» ұста. Сол Байекең сыйлас, сырлас замандасы, Жезді ауданын ұзақ жыл басқарған Мәкен Төрегелдин зейнеткерлікке шығып, тау-кен және балқыту ісі тарихы музейін ашқанда өз қолынан шыққан, сабына «Байекеңе кепсер зәру емес, уақыт зәру» деген сөз жазылған осы кепсерді тапсырған екен.

М.Төрегелдин «Мәңгілік мұра» атты кітабында бұл туралы былай деп жазыпты: «Қандай терең философия, тіпті, даналық десе болғандай. Барлық жерде, барлық заманда істің түйіні, сөздің, ойдың түйіні уақытқа барып тірелетіні сөзсіз. Біз соған тәуелдіміз, уақыттың төрелігіне бас иеміз, мойындаймыз. Байбосынның адамдарға жанашырлығын, көрегендігін ауылдастары жақсы біледі. Осындай жандардың тек қолөнерін емес, істеген ісін, өмір тарихын біздің жастар біліп өссе, артық болмас еді».

Әлібек ӘБДІРАШ

Басқа материалдар

Back to top button