Жаңалықтар

Өңір басшылары бас қосты

    «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін ұйымдастыру кеңсесінде Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері бас қосты. «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан ЕСІМОВТІҢ қатысуымен өткен кеңесте Көрмені өткізу, ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Облыс және қала басшылары көрме нысандарымен, павильондардың контентімен, билеттік бағ­­дарлама және оның шарттарымен, сондай-ақ, іскерлік және мә­дени-сауық бағдарламасымен де танысты.

Ахметжан Есімов кеңес қатысушыларына «ЭКСПО – 2017» Елбасының жобасы екендігін еске салды. Сондай-ақ, жергілікті би­лік өкілдерінің халыққа «ЭКСПО – 2017» идеясын және оның ел экономикасына тигізер оң ықпалын түсіндірудің маңыздылығын жеткізді.

– Өткен аптада Президенттің төрағалығымен кеңес өтті. Мемлекет басшысы Көрменің дайындық дәрежесін жоғары бағалады. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылуына бір жарым ай уақыт қалды. Сондықтан, шараның жо­ғары деңгейде өтуі үшін жұмыла жұмыс істеуіміз қажет,– деді А.Есімов.

Қазір барлық қатысушы елдер өздерінің павильондарын жабдықтаумен айналысуда. Көрмені өңірлер мен шетелдерде белсенді таныстыру жүргізіліп жа­тыр. Осыған орай, Ұлттық компания жетекшісі, бірегей шараны аймақ­тарда насихаттау керектігін атап өтті.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button