Жаңалықтар

Инвестиция екпінмен игерілуде

Облысқа құйылған инвестицияны игеру жұмыстары қар­қынды. Мәселен, биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларында аймақтағы кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестицияның 23,6 млрд. теңгесі игерілді.

Бұл – өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 102,2 пайыздық көрсеткіш. Мұның ішінде, ірі кәсіпорындар инвестицияның – 61,2 пайызын, шағын кәсіпорындар – 32,4 пайызын және орта кәсіпорындар 6,4 пайызын іске жаратты.

Салалар бойынша тәптіштесек… Инвестицияның басым бөлігі, яғни, 50,5 пайызы көлік, арнайы техника, көлік құрал-саймандарын сатып алуға және оларды жөндеу жұмыстарына тиесілі. Сондай-ақ, құрылыс, ғимараттарды жөндеуге қарастырылған қаржы 46,8 пайызды құраған. Қалған 2,2 пайыз инвестиция өзге де шығындарды өтеуге бөлінген.

Инвестицияның 72,3 пайызы өнеркәсіпте игерілді. Яғни, мұнда өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 46,4 пайыз, кен өндіру – 24,7 пайыз, сумен жабдықтау – 0,9 пайыз, электрмен жабдықтау – 0,3 пайыз.

Өткен жылғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда, инвестициялар көлемінің артуы облыстың 10 өңірінде байқалды. Қарқаралы ауданында бұл көрсеткіш 4,7 есеге ұлғайды.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button