АймақБас тақырыпҚарағанды

Индустриялық-инновациялық даму индексі: Қарағанды көш бастап тұр

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы биылғы индустриялық-инновациялық даму көрсеткіштерін жариялады. Деректер негізінде өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуының алғашқы жиынтық индексі дайындалды. Қарағанды облысы барлық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр. Аймақтағы технологиялық күрделілігі орташа экспорттағы жоғары үлес (73,8%) және жалпы қосылған құнмен қатар өңдеу өнімділігінің тұрақты өсуі негізге алынды.

Сурет matritca.kz

Аймақтар арасында Қарағанды облысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі шығарылды. Атап өткендей, кеншілер аймағы технологиялық күрделілігіне қарамастан, орташа экспорттың жоғары үлесімен ерекшеленді. Индекс тек өндіруге немесе қарапайым көлемге ғана емес, инвестицияларға, технологиялық экспортқа және өнім шығаруды арттыруға негізделген.

Айта кету керек, индекс жалпы еңбек өнімділігінің өсімін, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің экспорттағы орташа және жоғары үлесін, технологиялық күрделі тауарлар экспортының үлесін сараптайды. Барлық деректер min-махнормализация арқылы бірыңғай шкалаға келтірілгендіктен, көрсеткіштердің салмағы негізгі компоненттер әдісімен есептеледі. Ол аймақтар арасындағы айырмашылықтарды да көрсетеді.

Инфографика Tengonomika

Индекс осындай бірнеше көрсеткіштер арқылы құрылады. Шикізатты емес, күрделі өнімдерді экспорттауда және өнімділікті арттыруда индекс нәтиже береді.  Бір жағынан «қазу және сату» үлгісінде қалмай, ертеңгі өнеркәсіптік экономикаға қалай көшуге болатыны жарқын

Бұл орайда аутсайдерлер, яғни, озық технологияларды игерген шағын және орташа кәсіпорындар инновациялық жолда олжа оңай игерілмейтінін еске салуы мүмкін. Бұл жерде құрылымдық инвестициялар, қосылған құн экспорты және аймақтық саясатты қайта қараусыз индекс шығару оңай емес екенін де ескерген абзал.

Биыл жиынтық индекс бойынша «топ-5» аймақ қатарында жоғары технологиялық өнім экспортымен Астана қаласы үздіктер қатарынан көрінді. Инвестициялардың күшті серпіні бойынша Қызылорда облысы, күрделі тауарлар экспортының салыстырмалы түрде жоғары үлесімен Түркістан облысы танылып отыр. Ал, Маңғыстау облысы жоғары технологиялық тауарлардың қарапайым экспортына қарамастан инвестициялар мен өнімділіктің өсуіне сүйенген.

Tengenomika аналитикалық каналы мамандарының мәлімдеуінше, жалпы қосымша құнның әрбір өсімін индустрияландыру деп атауды тоқтатқан жөн. Десек те, нақты шешімдердің нәтижесі болып табылатын нағыз индустриялық экономиканы құруды бастайтын кез келді.

Аяулым СОВЕТ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button