АймақПриозерск

Иманды елге нұр жауар

Приозерск қаласында жаңа мешіт бой көтеріп, салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының наиб имамы Қоныскерей Хумар бастаған дін өкілдері, қала әкімі Мансұр Ахметов, шағын шаһардың тұрғындары қатысты.

Сурет: автордікі

Ең алдымен, облыстың наиб имамы Қоныскерей Хумар Құран оқып, бата жасап, жүрекжарды лебізін білдірді. Жаңа мешіттің имамына қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, игі шарада сөз алған қала әкімі Мансұр Ахметов мешіттің ашылуымен құттықтап, демеу­шілерді Алғыс хатпен марапаттады.

– Мешітті салудағы мақсат – қаламыздың халқын руxани нәр­мен сусындату, жас ұрпақтың бо­йына имандылық дарыту. Мі­нәжат үйінің іргетасын қалап, бой көтеруіне мұрындық болған азаматтар ел ертеңіне ерекше үлес қосты. Жаңа жыл қарсаңында осындай еңселі имандылық үйінің бой көтеруі көңілге қуаныш сыйлайды. Осы мешіттің құрылысына атсалысқан барша азаматтарға шын жүректен алғыс білдіремін, – деді Мансұр Ахметов.

Сондай-ақ, демеушілер тілегін жеткізіп, арнайы сыйлығын тарту етті. Екі бас сəлем намазы оқылды. Келген қонақтарға дастархан жайылып, қонақасы берілді.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button