Шет

Ілгері елде – іргелі кооператив

    «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауыл шаруашылығын өркендету ел еңсесін көтереді, айтарлықтай жаңалық әкеледі делінген. Соның ең бастысы шағын шаруашылықтардың басын қосып, ірілендірілген кооперативке айналдыру.

Бүгінде, бір-біріне қол ұшын беріп, ортақ мүдде тұрғысында жұмыс жасайтын кооперативтер мол өнім өндіріп, оны тиісті орындарға өткізіп, пайда тауып жатқаны белгілі. Осы бағытта, Шет ауданының Өспен ауылдық округінде де игілікті шара қолға алынып отыр. Жақында ғана, «Алға» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.

Кооператив ұжымының негізгі мақсаты малды бордақылап, сапалы ет өндіру. Мұнда қазір 619 ірі қара бар. Соның ішінде 318-і аналық.

Ізденіс қашан да игілікті істерге жетелейді. Енді кооператив ұжымы – үлкен қалаларға мал өткізу үшін сабылмайды. Соны үлгідегі мал сою цехын ашып, игілігін көре бастады. Бір жағынан мал белгіленген ережеге сәйкес осындай орында сойылып, халыққа жеткізілуі тиіс. Мұнда бүкіл қажеттілік жасалған. Үлкен мұздатқыш қондырғысы орнатылған. Мұның өзі облыстағы алғашқы игілікті бастама десе болады. «Алға» кооперативінің 31 мүшесі 82 млн. 300 мың теңге несие алған. Аталған несие «Береке» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Несиенің қайтарылуына айтарлықтай жеңілдік бар. Мал сатып алынды, сонымен қатар мал азығын дайындауға да осы несиені жұмсауға болады.

Кооператив ұжымы өнім өндіруді арттыра отырып, сапалы етті келешекте шет елге экспорттауды да ойластыруда.

Оралбек ЖҮНІСБЕКҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button