Поэзия
Хиросима. 999 тырна
999 қағаз тырнаны,
Жасады жапон баласы –
Ажал Құрбаны.
Өлер шағында,
Көз нұры сөнер шағында,
Жатты сол жазған:
«Түсім – бұл –
Өңім емес!» деп,
1000 тырна көзіне елестеп,
Жасалмай қалған бір тырна көзіне елестеп:
«…Өлім емес!…» деп…
Сандырақтап жатқан шығар сол Ажал Құрбаны?!
ХХ-шы ғасыр –
Атомның тажал тырнағы!
Ескерткіш қоям мен Саған, қоладан құйып,
999 Қағаз Тырнаны!
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ