Халықты вакциналау жалғасуда

Қарағанды облысында COVID-19-ға қарсы қалыптасқан ұжымдық иммунитет туралы айтуға болатын салалар аталды. Бұл денсаулық сақтау және күш құрылымдары. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте екпе науқанының барысы туралы айтылды.

Облыста 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 380 793 адам алды. Толығымен екі компонентпен 255 934 адам егілді. Халықты вакциналау жалғасуда. Қалалар мен аудандарда өткізу қабілеті тәулігіне 8 мыңнан астам адамды құрайтын 115 екпе кабинеті жұмыс істейді. Мобильді медициналық бригадалар кәсіпорындар мен ұйымдарға барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, вакцина жеткілікті. Бүгінгі таңда өңірде үш препарат бар

«Спутник V», QazVac және CoronaVac бар. – Бүгінде вакцинация бойынша көш басында бізде күш құрылымдары тұр – 100%. Медицина қызметкерлерінің арасында вакцинация 97% құрайды. Облыста өнеркәсіптік кәсіпорындар бар, онда қызметкерлердің 95%-ы КВИ-ға қарсы екпе жасады, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова.

Ол вакцинациядан өткендер арасында КВИ-мен ауыратындардың саны туралы сұраққа жауап берді.

– Жалпы облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 56 795 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда вакцинацияланғандардың ішінен 206 адам ауырып қалды. Олардың 73%-ы тек бірінші компонентті алды. Қалғандарында екінші компонентті алғаннан кейін екі аптадан аз уақыт өтті, яғни иммунитеттің қалыптасуына уақыт болмады, – деді Бибігүл Төлегенова. – Бірінші болып вакцинациядан медицина қызметкерлері өткенін атап өткім келеді. Өткен жылды ұмытпаған жөн – КВИ-мен көптеген дәрігерлер ауырды, қазір барлық медицина қызметкерлері сапта. Егер КВИ ауруының оқшауланған жағдайлары болса, онда бұл медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты вакцинациялана алмағандар.

Қарағанды облысының әкімдігі.