АймақБұқар жырау

Халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары құрметтелді

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын биылғы Халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарын қабылдап, оларға құрмет көрсетті.

Суреттерді түсірген Данияр Торжанов

Осы қабылдауда Ерлан Құсайын халықаралық спорт додаларында топ жарған жерлес спортшыларын жетістіктерімен құттықтап, оларға 200 мың теңгенің ақша сертификаттарын, ал олардың бапкерлеріне Алғыс хаттар тапсырды.

Жоғарыдағы ақша сертификаттарын алғандардың қатарында қазақ күресінен Азия кубогі мен чемпионатының жеңімпазы Ерқанат Молдағұлов, Сингапурда өткен пляж самбосынан Әлем чемпионы Маргарита Баженова, джию-джитсудан Азия чемпионатының қола жүлдегері Ажар Салықова, Жапонияда болған каратэден Әлем чемпионатының жүлдегері Яна Ширяева бар. Ал күні кеше ғана бірінші рет жасөспірімдер арасында өткізілген халықаралық “Жас барыс” турнирінен қола жүлдемен оралған Елдос Мұқышевқа аудан әкімінің Алғыс хаты мен спорттық кимоно берілді.

Міне, әлем алдында аудан абыройын асқақтатқан сайыпқыран, саңлақ спортшыларды дайындап, ұлы дүбірге қосқан бапкерлері Абай Үмітбаев, Ерұлан Сағитов, Ерназар Мәдікен де Бұқар жырау ауданы әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button