Жаңалықтар

Халыққа құқықтық көмек – маңызды міндет

     Көбеев2Менің депутаттық жұмыс күндерім тұрғындардың мәселелерімен тығыз байланысты. Әр айдың екінші сейсенбісінде көмекке мұқтаж адамдар менің қоғамдық қабылдауымда болады. Көбіне маған заңдық сипаттағы сұрақтармен келеді. Мен заңгер ретінде адамдарда көбінесе қарапайым құқықтық білім, қандай инстанцияға жүгіну керек, өтініш, арызды қалай жазу керек, қалай орын алған мәселені оңтайлы тұжырымдау керек дегендей арнайы ақпаратты іздеу дағдылары жетіспейтінін аңғарамын. Сондықтан мен депутаттық қызметім аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетудің жаңа жолдарын іздей бастадым. Бұл мәселені шешу үшін ректорлық бастамам бойынша 2013 жылы құрылған Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ Заң клиникасының мамандарын араластырдым. Бұл жоғары оқу орны ректорының ұйымдастырушылық мүмкіншіліктері депутаттың қоғамдық міндеттерді шешуіне мүмкіндік туғызатын жағдай болып табылады.

ҚарМУ Заң клиникасы – халыққа тегін құқықтық көмек көрсететін, құқық бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынатын консультациялық пункт болып табылады. Заң клиникасы Қарағанды қаласы Гоголь көшесі бойындағы 38 ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан. Оның міндеті – халыққа білікті құқықтық көмек көрсету және университетте заң мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттерге тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсыну.

Шын мәнінде, біздің Заң клиникасының қызметі заңгерлік қоғамдастыққа жүгіне отырып, ағартушылық және кеңес беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуге, «тұрғындармен кездесіп, оларға өз құқықтарын және қолданыстағы заңды түсіндіруге» үндейтін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қойылған міндеттердің бірін жүзеге асыруға бағытталған. Мен депутат ретінде сайлаушылардың құқықтық әлеуметтенуіне мүдделімін. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәнмәтінінде айырықша өзектілікке ие. Мен құқықтық санаға ие қазіргі Қазақстанның келбеті – бұл білімді азамат деген пікірді толығымен қуаттаймын. Азаматтардың құқықтық сауаттылығының таяздығы, кәсіби заңдық тұрғыдан қолдаудың болмауы айтарлықтай мемлекеттің құқықтық институттарының жұмыс істеу тиімділігін төмендететінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бұл әдеттегідей заңнаманы нашар білетін және өзіне білікті заңдық көмек бере алмайтын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған, аз қамтылған азаматтарға айтарлықтай әсер етеді. Осы адамдардың салдарынан өздерінің азаматтық құқықтарын толыққанды жүзеге асыра алмайды. Сол себептен заңдық клиникалардың рөлі артып келеді: тұрғындар құқықтық білім беруге қатысуы арқылы олар Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді. Тегін Заң клиникамыздың есігі сайлау округіне қарамастан барлық тұрғындар үшін ашық екені аса маңызды. Қорғаушы, судья, прокурор болып жұмыс істейтін тәжірибелі заңгерлер, ҚарМУ-ды бітіруші үздік студенттер мен магистранттар кеңес береді. Айрықша жағдайларды түсіндіру үшін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы және Нотариалдық палатасы заң бөлімдерінің өкілдері шақырылады. Тек 2016 жылдың өзінде Заң клиникасының мамандары 100-ден астам тұрғынға тегін білікті заңгерлік көмек көрсетті. Мәселен, клиника мамандары азаматтарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін қалпына келтіруге жәрдемдесті; жетімдерге пәтерлерін қайтаруға көмектесті; аз қамтылған отбасыдан шыққан колледж оқушысына жол көлік оқиғасы туғызған материалдық залалды өтеуге жәрдемдесті; жалғызбасты анаға баласын қайтаруға көмектесті; үй бұзу салдарынан зардап шеккен азаматтың тұрғын үй алуына жәрдемдесті. Сондай-ақ, ҚарМУ Заң клиникасы мамандары Қарағанды қаласының қоғамдық ұйымдары мен құқық қорғау органдарымен бірлесе сарапшы ретінде жұмыс жасайды. «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалында жұмыс істейтін қоғамдық қабылдаушылар да азаматтардың өтініші бойынша құқықтық көмек көрсетуді өтінеді. Бірнеше жыл бойы клиника заңгерлері «Ердос» қоғамдық қайырымдылық қорымен кәмелеттік жасқа толмаған жетім балалардың құқықтарын қорғауға көмектесіп келеді, оқырмандардың сауалдарына жауап беру мақсатында «Пенсионеры» газетінде тұрақты құқықтық айдарды жүргізіп келеді. Бұл мысалдардың барлығы депутаттың қоғамдық қабылдауы жұмысы аясында тұрғындарға көрсетілетін шынайы заңдық көмектер.

Мен өз жұмысым барысында тұрғындарды қолдау тәжірибесін одан әрі дамытатын боламын. Мен депутат пен сайлаушылар арасындағы осындай қарым-қатынас үлгісі тұрғындардың жергілікті атқарушы билікке деген сенімін нығайтады, әлеуметтік шиеленісті төмендетеді, құқықтық сананы жаңғыртуда облыстық мәслихаттардың рөлін күшейтеді деп санаймын.

Қарағанды облыстық №5 Студенттік сайлау округі сайлаушыларына қоғамдық қабылдауыма келулеріне мүмкіндіктері бар екенін тағы да айтқым келеді. Қарағанды қ., әр айдың екінші сейсенбісі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін, Мұқанов көш., 1, 109 кабинет.

Е.Көбеев,

Қарағанды облыстық мәслихатының 5 Студенттік сайлау

округі бойынша депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button