Руханият

Гусевтің хаты

Архивтегі дерек – Қарқаралы округтік приказына іссапармен келіп жатқан Батыс Сібірдің бас басқармасының чиновнигі Гусевтің 1852 жылдың 3 тамызында жазған ресми қатынас қағазы. Гусев өз жолдауында Қарқаралы округтік приказына заңсыз талап қойған. Чиновник хатында приказдың орыс заседателі Добшинскийдің Қарқаралы приказына қарайтын гауптвахтадан Майбасар Өскенбаев пен Мырзақан Туғанбаевты бостандыққа шығарып жіберген іс-әрекеттеріне наразылық білдірген. Аты аталған қазақтарды гауптвахтаға өзі отырғызған Гусев хатында оларды Қарқаралы көшесінде тайраңдап жүргеніне және аға сұлтан Құнанбайдың үйінде жайбарақат тұрып жатқанына таң қалғанын жазады.

Қарқаралы округі

Заң бойынша аға сұлтан приказ орналасқан мекенде тұруға міндетті болатын. 1822 жылғы Жарғының 167-168 баптары бойынша аға сұлтанға ресми бөлінген жер телімінде қандай да бір қозғалмайтын мүлік салынған болса, қызметтен кеткенде тиісті бағалаудан соң оның пайдасына сатылады.

Марат АЗБАНБАЙ

Автордың «Қарқаралының көне тарихы Архив құжаттары байырғы заң мəтіндерімен салыстырылуы тиіс» атты мақаласынан. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button