Бас тақырыпЖаңалықтар

Гоголь көшесіндегі көпір ертең ашылмақ

Өткен аптада Гоголь көшесіндегі көпір жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған болатын. Жұмыс жоспарына сәйкес, жол жөндеу жұмыстары 13 сәуірде аяқталуы керек еді. Алайда қала әкімдігі көпірдің ертең ашылатынын мәлімдеді.

Сурет:kaz.tengrinews.kz

– Жөндеу жұмыстары аясында асфальт жабынының үстіңгі қабатын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, нөсерлі дренаж жүйесі орнатылды.Асфальтбетонның құрамында жол жабынының беріктігін арттыратын полимерлі қоспа бар.Технологиялық ұсыныстарға сәйкес асфальт төселгеннен кейін жолды қалыпқа келтіру және ашудың оңтайлы мерзімін 48 сағатқа жеткізу ұсынылады. Сондықтан көпірдің ашылуын 15 сәуірге жоспарлап отырмыз. Тұрғындардан қозғалыстарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді Қарағанды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Григорий Ботнар.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button