Жаңалықтар

Газ балонын пайдалануға тыйым салынбақ

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов қала тұрғындарына көпқабатты үйде газ балонын пайдалануға тыйым салынатынын айтты. 

– Қаңтар айында Щорс көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған оқиғаны күні бүгінге дейін ешкім ұмытқан жоқ. Газ жарылып, екі адам зардап шеккен болатын. Одан бөлек, Теміртауда күні кеше ғана болған дәл осындай жағдайдан жеті адам зардап шекті. Оның бесеуі – бала. Бұл жантүршігерлік жағдай, – деді қала әкімі.

Отбасының қауіпсіздігі үшін қала басшысы газ балонын емес, электр пешін пайдалануға шақырады. Бүгінде тұрғын үй инспекциясы мамандары, аудан әкімдіктерінің өкілдері, төтенше жағдай қызметкерлерінен жасақталған мобильді топ жұмыс істеуде. Олар үйді-үйді аралап, өрт қауіпсіздігін және 2 қабаттан жоғары көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын сақтауға және пайдалануға жол бермеуді түсіндіруде. Газ балонын пайдаланып отырған қала тұрғындарын әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салынады. Егер  жағдай қайталанса, айыппұл құны еселенеді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button