Басты тақырып

Фотоайыптау

Республика даңғылы, 4 үй

Восток 3, 13 үй

Тұрғындарымызда өмір сүру мәдениеті жоқ! Қай аула, қай көпқабатты үйдің маңына барсаң да көретінің – шашылған қоқыс. Еріншектіктің ең лас көрінісі осы ма дерсің. Қоқыс жәшігіне тастауға кежегесі кері тартқан адамдардың қыс бойы терезеден лақтырған қалдықтары көктем шыға көрген адамға жаман әсер етеді екен. Еуропа елдерінде мұндай сорақылық заңмен қадағаланып, ең жоғары айыппұл салынады деп естиміз. Тіпті, осындай оғаштыққа баратын адамдар да жоқтың қасы. Ортақ үйімізге айналған Қарағанды шаһарының тұрғындарында әзірге мұндай мәдениет болмай тұр. Тұрған ауласына жаны ашымаған адамның туған жеріне де жаны ашымайды. Бұған да әкім-қараны кінәлаймыз ба? Бар пәле өзімізден!

P.S. Кеше Республика даң­ғы­лындағы 4 үйдің сыртын ком­муналдық қызмет жұмысшылары өздері тазалай бастады.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button