БілімЖаңалықтарТеміртау

Ескі мектеп қалыпқа келтірілді

Теміртауда апатты деп саналған бұрынғы №15 гимназиясының ғимараты қалпына келтіріліп, іші мен сырты түбегейлі өзгертілді. Енді бұдан былай мектепке №12 нөмірі берілген.

 

– Мектеп 1953 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат апатты деп танылған кезде, балалар басқа мектепке ауыстырылды. Уақыт өте келе оған 15-ші нөмір бекіп қалды Ал, біздің мектеп күрделі жөндеуден кейін 12-ші нөмір деп ауыстырылды. Нысанның жобалық қуаты 450 балаға есептелген. Бірақ, әзірге біз 13 сынып (211 бала( жинадық, – дейді мектеп директоры Сәуле Қайырбек.

Мектепте барлық инженерлік коммуникациялар жаңадан ауыстырылған. Сыныптар анағұрлым ыңғайлы және заманауи кейіпке енген. Жоғары технологиялық стильде жабдықталған. Сондай-ақ, оқу орнында балаларды сабақтан тыс шығармашылық және жобалық қызметке тарту үшін барлық жағдайлар жасалған. Жас блогерлер мен болашақ журналистерге арналған заманауи жабдықтары бар телестудия құрылған. Студияда шуды оқшаулау ойластырылған және кәсіби жарықтандыру мен камералар бар. Және STEM-алаң, медиа орталық, робототехника, Абайтану, хореография, АӘД кабинеттері, екі шеберхана, модификацияланған сыныптар бар. Барлық дерлік кабинеттерде интерактивті панельдер бар. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да барлық жағдай жасалған.

– Барлығы 23 педагог жұмысқа алдық. Қосымша алты адам жұмыс істейді. Кіре берісте балалар Абайдың қара сөздерін көре алады. Абай залы да бар. Мұның бәрі болашақта Абай Құнанбаев атындағы мектеп болу мақсатымызды көрсетеді, – деді мектеп директоры.

Спорт залының ауданы 257 шаршы метрді құрайды. Акт залы асханамен біріктірілген. Ас блогы да заманауи плиталармен және техникамен жабдықталған.

gov.kz

Басқа материалдар

Back to top button