Жаңалықтар

Еш уақытта естен кетпес

Қасіреттің қара таңбасындай жаппай қуғын-сүргін жылдарының қаралы беті жабылғанына биыл – 80 жыл. Осыған байланысты Шет ауданы орта­лықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында кездесу өтті. Онда кезінде қуғын-сүргін көрген ЕСЕП партиясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген кітаптардың авторы, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Кәмел Жүністегі қатысып, зұлмат жылдарды еске алды. Ауданымызда қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтың бірі – ақын, ұстаз, қайраткер, ЕСЕП партиясының белді мүшесі Зейнолла Игілікұлының есімі еш уақытта ұмтылмақ емес. Оның өмірбаян беттерінен мәлімет оқылды. Оқушыларға Кәмел Жүністегінің ұйымдастыруымен түсірілген «Сұрапыл жылдар зардабы» атты бейнефильм көрсетілді.

Гүлшара АХМЕТОВА,

Мәдениет саласының ардагері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button