Жаңалықтар

«Энергоуголь XXI» ЖШС хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының» 13-тармағына сәйкес «Энергоуголь ХХI» ЖШС 2024 жылдың 22 мамырынан бастап электр энергиясын тұрмыстық қажетте пайдаланбайтын тұтынушылар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін заңды тұлғалар үшін электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне бағаның төмендегені туралы хабарлайды.

Сурет inst: tooenergougol21

Бағаның төмендеуінің себебі электр энергиясын, оның ішінде тұтынушылардың жекелеген топтары шекті бағаларда ескерілген көлемнен артық тұтынуы болып табылады.

 Жоғарыда айтылғандардың негізінде 22.05.2024 жылдан бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне мынадай бағалар енгізіледі:

– электр энергиясын тұрмыстық қажетте пайдаланбайтын тұтынушыларға – ҚҚС есебке алынбағанда 1 кВтс үшін 38,51 теңге;

– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін заңды тұлғаларға – ҚҚС есебке алынбағанда 1 кВтс үшін 27,54 теңге.

R

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button