Қарағанды

Елеуов ептілікке баулыды

     Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2004 жыл, Грекия), әлем чемпионы, республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Серік ЕЛЕУОВ бокстан шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шараны аталған мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері – Б.Қонақбаев, К.Кулькашар, П.Трофимчик ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта Серік Саматұлы Қарағанды облысы бокс мектебінің директоры. Қазақстан ұлттық құрамасының болашақ чемпиондарын тәрбиелеп жүр.

Танымал спортшы балаларға жаттығудың тиімді тұстарын, тікелей, жанама ұру, жалтару, жалған қимыл сияқты әдістерді көрсетті. Қол-аяқты шынықтырудың тәсілдерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Олимпиадалық ойындар, халықаралық турнирлер барысындағы өзінің жауапкершілігін, алған әсерін баяндап, ұл-қыздармен ой бөлісті. Спорттағы қызықты әрі асқан жауапкершілікті қажет еткен сәттеріне көз жүгіртті.

Сабақ өте қызықты және тартымды өтті.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен оқушылар ұру техникасы бойынша физикалық әзірліктерін пысықтады.

Шәкірттердің пікірінше, танымал спортшылардың қатысуымен өткізілетін осындай жаттығулар жас буынға күш-жігер сыйлайды. Бастысы, олар бокспен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін жақсы түсінеді.

Жаттығу соңында оқушылар С.Елеуовпен ашық әңгіме құрып, танымал спортшыға сәттілік тіледі.

Саматбек ҚАЛЫБЕКОВ,

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button