Спорт

Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

Relevant Tennis Twitter-аккаунты өзінің жазылушыларына наурыз айының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік ойыншыны таңдауды ұсынды. 

RelevantTennis мәліметіне қарағанда, үміткерлер тізіміне төрт теннисші енген.

Атап айтқанда, әлемнің 7-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина, сондай-ақ румыниялық Сорана Кырстя (WTA рейтингісінде 41-орын), Беларусь өкілі Арина Соболенко (2-орын), чехиялық Петра Квитова (10-орын) айдың үздік ойыншысы атағынан үміткер.

Елена Рыбакина наурыз айында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғаны белгілі.

Сондай-ақ 2 сәуірде аяқталған Майами мастерс жарысының финалына дейін жетті.

Е.Рыбакина 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button