Бас тақырып

Қазақстан мен Таиланд арасында тікелей әуе рейсі ашылады

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 11 желтоқсаннан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сурет Көлік министрлігінен

Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады. Жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды.

Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:

· Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс («Air Astana»);

· Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс («Air Astana» – 6, «Thai AirAsia X» – 3);

· Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс («SCAT»).

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Фотоға түсініктеме: Көлік министрлігі

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button