Басты тақырыпЖаңалықтар

Елдігімнің тұғыры

    Тәуелсіздік жылдары отандастарымыз дүниежүзілік ауқымды іс-шараларда, сондай-ақ, әлемнің биік нүктелерінде Қазақстан туын 4000 рет биікке көтерді. Бұл – Отаным деген әрбір қазақ­­­стан­дықтың жүрегінің терең түкпіріндегі мемлекеттік нышандарға деген құрметтің белгісі.

Осы орайда Қарағандыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Біздің тәуелсіздігіміздің нышандары» атты қалалық акция өтті. Салтанатты жиынды ашқан Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров: «Биыл Мемлекеттік рәміздерімізге 25 жыл толады. Рәміздер басқа елдердің алдында ел мерейінің үстем екендігін көрсетеді әрі ел тарихынан сыр шертеді. Біздің Елтаңба, Ту және Әнұранымыз еліміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің шынайы куәгері болып табылады», – деді.

Патриоттықты дамыту және ел бірлігін күшейту мақсатында жастар ресурстық орталығы және «Болашақ үшін» ҚБ жастары ұйымдастырған шараға 1000-ға жуық адам қатысты. Мемлекеттік рәміздерді алып жүру қала жастарына жүктелді.

Акция орталық саябақтағы автосайыстан басталды. Сайысқа 25 ақ түсті автомобиль қатысты. Акцияның өтуіне мұрындық болған Қарағанда политехникалық колледждің студенттері көліктерге отырып, Туды желбіретті. Автосайыс салтанатты шеруге, концерттік бағдарлама мен «Әнұранымызды бірге шырқайық» атты акцияға жалғасты.

Әдемі іс-шараның соңындабүлдіршіндер Мемлекеттік рәміздеріміздің 25 жылдығына 25 санды шарлар ұшырды. Сондай-ақ, символикалық флешмоб өтті. Онда оқушылар мозайка түрінде ҚР Мемлекеттік туының суретін құрастырды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button