Елден – «Егеменге»

   Күні кеше ғана әріптесіміз, ақын, «Орталықтың» бөлім мең­ге­рушісі Мирас АСАН «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық рес­публикалық газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалды.

 

Мирастың ата басылымға ат шалдыруы бекер емес. Ақ­ындығымен Алашқа таныла бас­таған азамат өзінің журналист ретіндегі қырынан да жақсы көрініп келеді. Мирас біздің газеттің мәдениет бөлімін абырой­мен басқарып келді. Ойы ұш­қыр, жазуы мөлдір.

Біз де Мирастың «Егемен­ге» баруын бір ауыздан құп­тадық. «Орталық Қазақстан» – қасиетті шаңырақ қой! Өзге емес, өзіміздің мектеп. Мирас­тың да су ішкен бұлағы.

Ал, «Егеменнің» осы өңір­дегі бұған дейінгі меншікті тілшісі Қайрат Әбілдинов рес­публикалық басылымның спорт бөліміне жетекшілік ететін болды. Қаламы қуатты журналист те «Орталықтың» шекпенінен шыққан.

Іске сәт, әріптестер!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.