Референдум

Ел өміріндегі елеулі оқиға

Қарағандыдағы №65 референдум учаскесіне келушілер қарасы қалың. Ел тарихында елеулі оқиғалардың бірі болып қалатын референдумнан үміт күтетіндер көп.

Бақылаушылардың сөзінше, заң бұзушылық тіркелмеген. Келушілерді комиссия мүшелері ілтипатпен қарсы алуда. Сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша 400-ге жуық қала тұрғыны өз таңдауын жасаған.
Елдің ертеңіне үлкен үміт артамыз. Сондықтан, ерте келуге тырыстық. Тарихи сәтке немқұрайды қарамауымыз керек. Бұл — болашақ ұрпағымыз үшін аса маңызды. Байқаймын, дауыс бергенде менімен қатар келгендер көп. Халықтың әл-ауқатының артқанын қалаймыз. Әрі ұлтым деген қазақ өз таңдауын жасау керек деп ойлаймын, – дейді Елеужан Серімов есімді тұрғын.
Сағат 10.00-де аталған учаскеде 400-ге жуық дауыс беруші өз таңдауын жасады.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button