ТОКҮО 2020

Екінші айналым тәмам

Токиода үстел теннисінен ерлер арасындағы бәсеке басталды. Қазақстандық Кирилл Герасименко екінші айналымнан сәтті өтті.

Қазақстан командасының үздігі чехиялық Любомир Янчаржикпен кездескен болатын. Тартысты матчта 4:2 есебімен Герасименко жеңіске жетті.

Айта кетелік, жеребе бойынша Герасименко Токио Олимпиадасын екінші кезеңнен бастады. Ал кеше Анастасия Лаврова Токио Олимпиадасындағы алғашқы матчта испаниялық қарсыласына есе жіберді.

Басқа материалдар

Back to top button