Жаңалықтар

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда жылу электр орталығында апат болды. Бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды. Қазір қалада төтенше жағдай жарияланды. Техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай режимі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ortalyq.kz тілшісі. 

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Қазіргі жағдай бойынша түн ішінде 149 көп пәтерлі тұрғын үйдің 129-ына, 15 әлеуметтік нысанның 10-ына жылу берілді. Қосымша төрт қазандық іске қосылды.

Басқа бес әлеуметтік нысанда, 17 көпқабатты үйде және 3 көп пәтерлі тұрғын үйде жылу беру қалпына келтірілуде. 

Ал, екібастұздық оқушылар онлайн оқуға көшті. Балабақшалар жұмыс істемейді.

Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим күні бойы 20-25ºС шегінде сақталады.

Сонымен қоса, қалада сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру үшін қосымша 12 эвакуациялық пункт ашылды.

Еске сала кетейік, Президент Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді. Тұрғындарға тиісті көмек көрсетіледі.

Дәл қазіргі ақпарат бойынша, Екібастұзда 30 градус аязда ыстық су атқылап, тағы да апатты жағдай орын алды. 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button