ЖаңалықтарРесми

Екібастұзда 13 мың адам жылусыз қалған

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында Екібастұз жылу электр орталығындағы жылу желілеріндегі апат бүкіл қалада болмағанын атап өтті.

– 70 тұрғын үй жылусыз қалды. 1 желтоқсандағы зерттеу бойынша 58 тұрғын үй. Екібастұз қаласында 689 көпқабатты тұрғын үйде 15 жылыту пункті ашылды. Көптеген тұрғындар өз пәтерлерінде болды. Мүмкін тұрғындардың 30 пайызы өз үйлерін күзеткен болар. Бірақ, бүкіл қала қатып қалатындай апат болған жоқ. «Екібастұз қатып қалды» деген сөздер үш шағынауданға қатысты. 5100 пәтерде тұратын 13 мың адам жылусыз қалды. Әрине, бұл да өте көп, – деді Роман Скляр.

Ол сондай-ақ Екібастұздағы жылу электр орталығын жөндеуге қанша ақша жұмсалатынын да жасырмады.

– Екібастұздағы 340 шақырым жылу желілері «Екібастұз-жылу энерго» меншігінде. 120 шақырымға жуық желілер – жеке ұйымдар және жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Негізі, жылу желілерін жыл сайын ауыстыру қажет. Біз 1981 жылдан бері келе жатқан құбырларды да көрдік. Әрине, олардың тозуы заңдылық. Оларды жөндеуге шамамен 12 миллиард теңге қажет екенін ескеру қажет. Менің ойымша, Мемлекет басшысы айтқан проблемалық мәселелер міндетті түрде шешілетін болады. Екібастұздағы апаттан кейін тиісті қорытындылар жасалады. Осы жағымсыз тәжірибеден сабақ алып, басқа қалаларда қайталануына жол бермеуіміз керек, – деді. ол.

Басқа материалдар

Back to top button