Бас тақырып

Егін – ел ырзығы

Өткен жылы облыста егін түсімі төмендегені аян. Бидайды былай қойғанда, жұрт баптаған атына берер арпа-сұлыны қаражатына әрең тапты. Ал, биыл 920 мың гектар дәнді дақыл алқабының 853 мың гектары, яғни, 93 пайызы орылып, 703 мың тонна астық қамбаға жеткізілді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір жоғары. Диқандардың айтуынша, биыл ауа райы егінге қолайлы-ақ.

Егін – ел ырзығы

Бүгінгі таңда облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 6 238 фермерлік және шаруа қожалығы, 1 155 халықтың жеке қосалқы шаруашылығы бар. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Агробизнесті тиімді жүргізуі мақсатында 6 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымдарына 2 млрд. 180 млн. теңге көлемінде нақты мемлекеттік көмек көрсетілген. Оның ішінде 299,6 млн. теңге – облыс бюджетінен.

22 қыркүйектен жыл жоспарының орындалуы басталып кетті. 11 507 гектар картоп алқабының 10 062 гектары, яғни 87,4 пайызы жиналып, қалған 247,1 мың тонна картоп келесі жылға тұқымдыққа қалдырылды. 1 436 гектар көкөніс алқабының 851 гектары – 59,3 пайызы жиналды. Сондай-ақ, биыл астық жинау науқанында техникадан да тарлық болған жоқ. Қазіргі таңда облыста астық жинайтын 2060 комбайн жұмыс жасауда.

Сонымен бірге, астық тасу және қырман жұмыстарына жоспарға сай 3 000-нан астам техника жұмылдырылады.

Бұған қоса жанар-жағармайдың да мәселесі шешілуде. Атап айтсақ, дизель отынын тасып алу кестеге сәйкес жүргізілуде. Егін жинау жұмыстарына 20,7 мың тонна дизель бөлінген.

Бұдан бөлек, астық қабылдайтын кәсіпорындарының материалдық-техникалық базалары жаңа астықты қабылдауға толығымен сақадай сай.

– Облыс бойынша астықтың қажетті көлемін сақтауға арналған қамбалар сыйымдылығы жеткілікті. Барлығы – 1 050,7 мың тонна. Атап айтсақ, 133 мың тонналық 4 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар. Олар «Осакаровка Нан» ЖШС – 59 мың тонна, «Орталық Қазақстан элеваторы» ЖШС – 32,5 мың тонна, «TST – 2006» ЖШС-17,5 мың тонна және «Сарыбел НАН» ЖШС – 24,0 мың тонна, – дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту және техникалық жарақтандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жаңабай Болатбек.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button