Жаңалықтар

Еңбеккерлер құқығы – бақылауда

    2017 жылы облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма еңбек қауіпсіздігі тәуекелділігін бағалау жүйесіне сай еңбек заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру аясында бірқатар жұмыстар атқарды.

Жыл бойы мемлекеттік еңбек инспекторлары 1328 тексеру өткізді. 2016 жылмен салыстырғанда 30 тексеруге артық (2016 жылы – 1298).

Азаматтардың 3214 өтініші қаралды (2016 жылы – 3104).

Өткізілген тексеру жұмыстары барысында еңбек заңнамасының 916 бұзылуы анықталды. Бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық кем (2016 жылы – 1981). Басшылар атына 445 нұсқама берілді (2016 жылы – 619).

Еңбек заңнамасы талаптарын бұзушылық жайттарының кемуіне мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан 2016-2017 жылдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және кәсіпорындарда өткізген үлкен жұмысы әсер етті.

Осы мақсатта басқармада мемлекеттік еңбек инспекторлардың бірі жұмыс берушілер және жұмыскерлерді қабылдау бойынша күн сайынғы кезекшілікті қосымша ұйымдастырудың арқасында олар орын алған жағдай бойынша білікті көмек және түсіндірме алу мүмкіндіктеріне ие болды.

2018 жылы шағын, орта бизнес субъектілерінде және ауыл шаруашылық құрылымдары, құрылыс саласы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының белсенді қолдауы мен қатысуын қалар едік.

2017 жылы заңнамада орын алған өзгерістерге байланысты кәсіпорындарда жоспарлы тексеру жұмыстары өткізілмегенін атап өткім келеді.

Қазіргі күнде берілген нұсқамаға сәйкес жұмыс берушілер тарапынан 902 бұзушылық жойылды немесе бұл көрсеткіш жалпы санынан 98,5% құрады. Басқа қалған бұзушылықтар бойынша орындау мерзімі аяқталған жоқ.

Еңбек заңнамасының бұзылуына жол бергендері үшін 207 заңды және лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды ( 2016 – 487),салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 36,4 млн. теңгені (2016 – 43,1 млн. теңге) құрады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы жалақыны дұрыс және уақтылы төлеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді, осы бөлім бойынша жыл бойына 106 тексеру өткізілді.

Жалақыны төлеуді кешіктіру және төлемеу бойынша жіберген бұзушылықтары үшін жұмыс берушілерге жалпы сомасы 18,3 млн. теңге көлемінде 106 әкімшілік айыппұлдары салынды. Жұмыскерлердің барлық өтініштері бойынша мәселені шешу оң нәтижесін берді.

Сонымен бірге, 2017 жылы облыс бойынша 2 кәсіпорын бойынша мерзімі өткен жалақы берешектері болды. Бұлар – «Monopoly-SSA»ЖШС және «Корпорация АТТА групп» ЖШҰ АТТА Сервис филиалы (Приозерск қаласы). Осы кәсіпорындар бойынша жалпы берешектер сомасы 51,8 млн. теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта «Monopoly-SSA» ЖШС 45 жұмыскерінің алдында 0,8 млн. теңге берешегі бар. Жалақы берешектері тапсырыс беруші «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС тарапынан атқарылған жұмыстар үшін төлемеуге байланысты орын алып отыр.

Осы дерек бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру жұмыстары өткізіліп, аталмыш тексеру барасында анықталғандай жұмыс беруші тарапынан 2017 жылғы наурыз айы үшін жалақы толық көлемде төленбеген.

Жұмыс беруші атына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді. Сондай ақ, айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды.

2017 жылдың мамырында жұмыс беруші 1,2 млн. теңге сомасында жалақының бір бөлігі ғана төленді.

Нұсқама талаптарын орындамауына байланысты материалдар Қарағанды қаласының әкімшілік сотына берілді.

Қазіргі уақытта біздің тарапымыздан ұсынылған материалдар негізінде құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Осы мәселе басқарманың бақылауына алынған.

Ресей Федерациясының «Корпорация АТТА групп» ЖШҰ АТТА Сервис филиалы (Приозерск қаласы) 162 жұмыскердің алдындағы жалақы берешектері 51 млн. теңге сомасын құрайды.

Жұмыскерлердің өтініштері бойынша жоспардан тыс тексеру өткізілді, осы тексеру нәтижелері бойынша басқарма тарапынан бірқатар шаралар қабылданды.

Соның ішінде, 2017 жылы РФ Әділет Министрлігінің басқармасына, Мәскеу қаласы бойынша федералды салық қызметінің №46 ауданаралық инспекциясына хаттар жолданды. Алайда, аталмыш хаттарға жауап берілген жоқ.

Жұмыс берушінің орналасқан жерін анықтаудың мүмкін болмауына байланысты тексеру қорытындыларының материалдары ҚР Қылмыстық Кодексінің 152 бабына сәйкес процессуалды шешім қабылдау үшін Приозерск қаласының ішкі істер бөліміне жолданды.

Өткен жылдың қарашасында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Комитеті төрағасының орынбасары Т.Оспанқұловтың атына осы кәсіпорын бойынша Қарағанды облысы Приозерск қаласының ішкі істер бөліміне нұсқаманы орындамау бойынша танысу және ұсыныстар шығару жөніндегі материалдар жолданды.

2017 жылы облыс кәсіпорындарында өндірістік жағдайларда 192 адам зардап шекті, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 205, соның ішінде адам өлімімен аяқталып зардап шеккендер саны – 34 адам (2016 жылы – 38).

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірісте жазатайым оқиғалардан зардап шегушілер санының 6,3 % төмендеуі атап өтілді.

Орын алған жазатайым оқиғалардың жағдайына жүргізілген сараптама жұмыстары көрсеткендей, кәсіпорын басшылары еңбекті қорғау мәселелеріне талап деңгейінде көңіл бөлінбейді және олар үшін бірінші кезекте жоспарды орындау тұрады.

Жазатайым оқиғалардың көбі облыстың тау-кен-металлургиялық және көмір өндіру салаларында орын алады.

Соның ішінде, 2017 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-да 27 адам зардап шекті (2016 жылы – 35 адам), соның ішінде, 6 адам өлімімен аяқталған (2016 жылы – 5), зардап шеккендердің үлес салмағы 13,9% құрады (2016 жылы үлес салмағы – 16,5%).

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2017 жылы 33 адам зардап шекті (2016 жылы – 41), соның ішінде, 7 адам өлімімен аяқталды (2016 жылы – 5), зардап шеккендердің үлес салмағы 17 % құрады. ( 2016 жылы үлес салмағы – 19,3%).

«Шұбаркөл Көмір» АҚ-да 2017 жылы 2 ауыр жағдаймен аяқталды (2016 жылы – 2 ауыр жағдаймен аяқталды), зардап шегушілердің үлес салмағы 1% құрады (2016 жылы үлес салмағы – 1%). Адам өлімімен аяқталған жарақат алу деректері жоқ.

2017 жылы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының жұмысы жалғастырылды.

Комиссия отырыстарында 13 мәселе қаралып, соның 8-і еңбек қатынастарын реттеуге арналды. Сонымен бірге, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті жұмыскерлерінің жалақыларын индексациялау проблемалары (Теміртау қаласы, 2017 жыл) облыстың ірі компанияларында аутсорсингтік және аутстаффингтік жүйені қолдану (маусым 2017 жыл), жұмыс берушілердің әлеуметтік корпоративтік жауапкершіліктері туралы және т.б. бойынша мәселелер қаралды.

Өткен жылдың соңында облыста «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарында 2 ұжымдық еңбек дауы орын алды. Қазіргі уақытта кеншілердің барлық талаптары келіссөздер жолымен реттелді.

Еңбек заңнамалары талаптарының орындалуы бойынша мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруда өзіміздің тәжірибелік қызметіміз барысында қолданыстағы еңбек заңнамасының кемшіліктерімен біз жиі кездесеміз.

Жоғарыда айтылғандар бойынша біздің тарапымыздан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Еңбек Кодексінің еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласы бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жауапкершіліктерін күшейту жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша бірнеше рет ұсыныстар жасалып, жолданды.

Еңбек инспекциясы жөніндегі Басқарма алдағы уақытта да еңбек заңнамаларын мемлекеттік бақылау саласында алдымызға қойған негізгі міндеттерді орындау, соның ішінде, республика азаматтарының еңбек құқықтарын қорғауда белсенді түрде әрекет етуді әрі қарай табанды түрде жалғастырады.

Қ.БАЛСАРИЕВ,

Қарағанды облысының еңбек

инспекциясы жөніндегі басқармасы

басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button