Жаңалықтар

Еңбек заңнамасы – ерекше назарда

Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын сақтау бойынша бақылау, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, соның ішінде: қауіпсіз жағдайларда еңбек ету құқықтары, еңбекті қорғау, заңсыз жұмыстан шығару, қысқарту жағдайларын болдырмау, уақтылы жалақыларын алуларына бақылау жасау болып табылады.

2016 жылы басқарманың жұмысы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі, Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау Министрліктерінің біріккен бұйрығымен бекітілген Тәуекелділікті бағалау жүйесі жұмысының болашақ жоспарына сай жүргізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тәуекелділікті бағалау жүйесіне сай таңдау арқылы тексерулер мен жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер негізінде жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді. 2016 жылдың қорытындылары бойынша 109 рет таңдау арқылы тексеру жұмыстары өткізілді.

Аяқталған кезең ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2833 өтініш, арыз-шағымдарды қарады, ұйымдарда 1298 тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру қорытындылары бойынша 1771 бұзушылық анықталды, соның ішінде 1168 – еңбек қатынастары саласында, 574 – қауіпсіздік және еңбекті қорғау, 29 – халықты жұмыспен қамту.

619 нұсқама берілді, соның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 501, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша – 94, халықты жұмыспен қамту бойынша – 24 нұсқама. Қазіргі күнде еңбек заңнамаларын бұзудың жалпы санының 96% түзетілді.

Жүргізілген тексерулер қорытындылары бойынша 320 заңды және лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 43 млн. теңге.

Жұмыс берушілер тарапынан жіберілген бұзушылықтардың ең көп үлесі еңбек етудің қауіпсіз жағдайларын жасауды қамтамасыз ету, салалық және техникалық нормативтер, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жол берілген.

2016 жылы облыстың кәсіпорындарында өндірістік жағдайларда 205 адам зардап шекті, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 294 адам зардап шеккен, соның ішінде 38 жағдайда адам өлімімен аяқталған (2015 жылмен салыстырғанда – 31 адам). 2016 жылдың қорытындылары бойынша жазатайым оқиғалардың орын алу деңгейі 30,2% төмендесе, адам өлімімен аяқталған оқиғалар 18,4% өскен.

Жазатайым оқиғалардың ең көп орын алу жайттары тау-кен-металлургиялық және көмір өндіру салаларында орын алуда, негізінен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар көп тіркелді.

Орын алған еңбек дауларын реттеу бойынша тиімді механизмдердің бірі ретінде қазіргі күнде әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш­жақты комиссиялардың жұмыстары болып табылады. Үшжақты комиссиялар аясында жақтар келісуге, келіс­сөз үстел үстінде проблемаларды шешу және екі жаққа бірдей тиімді ше­шім­дер қабылдау мүмкіндіктеріне ие.

2016 жылы әлеуметтік серіктестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының 5 отырысы және оның жұмыс тобының 5 отырысы өткізіліп, 20 мәселе қаралды, соның ішінде 16 – еңбек қатынастарын реттеу бойынша мәселелер. 2017 жылға арналған отырыстар жоспарына сәйкес облыстық үшжақты комиссиясының 4 отырысын өткізу қарастырылған.

Басқарманың 2016 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойын­ша Қарағанды облысы бойынша еш­қандай еңбек даулары тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қазіргі күнде облыс бойынша өндірістік үдерісті тұрақтандыру, кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ету құқықтары мен жұмысқа орналасуларын қамтамасыз ету бойынша 362 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында 3755 Меморандумға қол қойылды.

Меморандумдарға қол қою жұмыс орындарын сақтау және жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау, орын алған еңбек дауларын шешуге арналған диалогтық алаңдармен қамтамасыз етуге бағытталды.

Меморандумдарда өндірістік үдеріс­терді тұ­ра­қтандыру, жұмыскерлердің еңбек ету құқықтарын қамтамасыз етуде атқару билігі органдарының, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарының міндеттемелері айқындалды.

Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы күн сайынғы тәртіпте меморандумдарға қол қою және орындалу барысы, жақтардың өздеріне алған міндеттемелерін орындау барысына мониторинг жұмыстарын жүзеге асырып баруда.

Мониторинг нәтижелері бойынша қазіргі күнде меморандумға қол қойған кәсіпорындар жалпы алғанда өздерінің міндеттеріне алған міндеттемелерді толық орындауда деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылған әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің әдістерінен басқа жұмыс берушінің еңбек және салық заңнамаларының нормаларын сақтау бойынша мәселелерді шұғыл түрде шешу мақсатында, яғни, жалақыны уақтылы төлеу бөлігі бойынша облыста Дағдарысқа қарсы штаб құрылды.

Штаб құрамына мемлекеттік, құқыққорғау және фискальды органдардың, прокуратура және облыстың Кәсіподақ орталығы басшылары кіреді.

Штаб отырыстарына жалақы төлеу бойынша берешектері бар кәсіпорын басшылары шақырылады. Талқылау нәтижесінде кәсіпорын басшылары жалақы берешектерін жабу кестесін ұсынып, штабта берілген тапсырмаларды орындайды.

2016 жылы Қарағанды облысының Дағдарысқа қарсы штабының 4 отырысы өткізілді. Штаб отырыстарында жалпы 6 мәселе қаралып, отырыстар барысында 3 айдан артық жалақы берешектері бар 22 кәсіпорынның жұмыс берушілері тыңдалды.

Қазіргі күнде облыс бойынша 1 кәсіпорында 51 млн. теңге сомасында жалақы төлеу бойынша мерзімі өтіп кеткен жалақы берешектері сақталып отыр («АТТА ГРУПП Корпорациясы» АҚБ «Атта сервис филиалы). Бұл кәсіпорындағы жағдай азаматтық-құқықтық сипатқа ие болып отыр.

Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалақы төлемеу деректері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан ұйымдардың басшыларына нұсқамалар берілді. Нұсқамаларды орындамауларына байланысты сот орындарына талап арыздар жолданды. Осы кәсіпорын бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары сот органдарына талап арыздарды беру арқылы еңбек және азаматтық заңнамалары аясында барлық қажетті шаралар көрілді.

Сөйтіп, сот шешімдерін орындауды Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарына сәйкес аймақтық сот орындаушылары жүзеге асырады.

Жалақыны уақтылы төлемеу деректері бойынша 2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйымдарда 135 жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 133 нұсқама берілді, кәсіпорын басшыларына 12,8 млн. теңге сомасында 133 әкімшілік айып­пұл салынды.

Жұмыскерлердің өтініштері бойынша барлығына дерлік жағдайларда мәселелер оң шешімін тапты.

Бұдан басқа, 2016 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексінің енгізілуіне байланысты, сондай-ақ, мемлекет басшысының «Бес институционалды реформаларды жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» (83 қадам) атты Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында Басқарма облыстың Кәсіподақ орталығы, кәсіпкерлердің өңірлік Палатасымен біргелікте Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексінің негізгі ережелері мен нормаларын түсіндіру бойынша біріккен кесте әзірлеп, бекітілді.

Мемлекет басшысының аталмыш тапсырмаларын орындау үшін облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексінің негізгі ережелері мен нормаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.

Семинар жұмыстарына 1200-ден астам тыңдаушылар қатысты ТҮКШ және энергетика саласы бойынша – 200 адам, мәдениет және спорт – 180 адам, құрылыс саласынан – 150 адам, ауылшаруашылығы саласынан – 90 адам, денсаулық сақтау – 200 адам, білім беру саласынан – 150 адам, шағын және орта бизнес өкілдері – 100 адам, мемлекеттік мекемелердегі жұмыскерлер – 100 адам, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмыскерлерімен кездесу бөлек өткізіліп, 110 адам қатысты.

Олар кәсіподақ белсенділері, заң­герлер, кадрлық қызметкерлер, бухгал­терлер, облыстың Кәсіподақ ор­та­­лығының аппараты, облыстық са­ла­лық кәсіподақтар аппараты және облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері мен жұмыскерлері.

Өткізілген семинарларда қатысу­шыларға еңбек келісім шарттарын жа­сау және бұзу бөлімі, еңбек келісім шарт­тарын бұзу кезінде кепілдер мен өтемдер төлеу, жыл сайынғы еңбек демалысын беру, оларға төлеу, лауазымдарды қосарлап атқаруға төлеу, уақытша жұмыста жоқ қызметкердің орнында қызмет көрсету аясының кеңеюі және орындау (орнын басу) міндеттері және басқа да бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Келесі мәселелер үлкен қызығушылықтар тудырды: еңбекке ақы төлеу, еңбек келісім-шарттарын жасау, жұмыс уақытының тәртібі, демалу уақыты, ұжымдық-еңбек міндеттемелерін орындау, еңбек қатынастарын реттеуде.

Семинар барысында қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар мен мәселелер бойынша білікті және сауатты жауап берілді, жаңа жағдайларда ұжымдық еңбек келісім шартын жасау және қарау рәсімдері, ұжымдық келісім-шарттарды қарауда келіссөздер үрдісінің әлеуетін күшейту қажеттілігі бойынша толық және анық та тұщымды жауап берілді.

Бұдан басқа, 2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары бұқаралық ақпарат құралдарында 29 рет сөзге шығу (сөйлеу), сондай-ақ, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамалары мәселелері бойынша 92 түсіндіру семинарлары мен сабақтар өткізілді.

Еңбек инспекциясы жөніндегі Басқарма алдағы уақытта да еңбек заңнамаларын мемлекеттік бақылау саласында біздің алдымызға қойған негізгі міндеттерді орындау, соның ішінде, біздің республикамыз азаматтарының еңбек құқықтарын қорғауда белсенді түрде әрекет етуді әрі қарай табанды түрде жалғастырады.

Қ.БАЛСАРИЕВ,

«Қарағанды облысының

еңбек инспекциясы жөніндегі

басқармасы» ММ басшысының

міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button