Жаңалықтар

Еңбек нарығындағы ахуал нешік?

      «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты іріктеп зерттеу қорытындылары 2017 жылғы І тоқсанда Қарағанды облысындағы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күші, яғни, экономикалық белсенді адам – 668,6 мың адам, олардың жұмысқа тартылу үлесі – 63,1%» деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Сонымен қатар, статистика осы бірінші тоқсанда облыс экономикасында 636,1 мың адам жұмыспен қамтылғанын мәлімдейді. Соның ішінде, жалпы жұмыспен қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі – 92,1% болса, 7,9% – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар көрінеді. Жалданып жұмыс істейтіндердің негізгі үлесі кәсіпорын-ұйымдарға тиесілі екен. Ол пайызға шаққанда – 91,6%. Ал, 7,5% – жеке тұлғаларда, 0,9% – шаруа қожалықтарында нәпақасын айырып отыр. «Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі – 44,3% өз қызметін сауда саласында, 21,9%-ы – ауыл шаруашылығында, 13,9%-ы – көлік қызметін көрсетуде, 5,9%-ы – құрылыста, 0,8%-ы – өнеркәсіпте, 13,2%-ы – өзге де қызметтер түрлерінде» дейді статистика департаменті.

Статистика деректері жұмыссыз халық саны бағалау бойынша 32,5 мың адам және 2016 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 2,1 мың адамға төмендегенін айтады. Жұмыссыздардың жалпы санының 51,2%-ы – әйелдер. Жұмыссыздар құрылымында 35-44 жастағы халық – 32,4%-ды, 25-34 жастағылар – 31,1%-ды, 45-54 жастағы жұмыссыздар – 17,7%-ды, 15-24 жастағы жастар – 11,7%-ды, 55 және одан асқандар – 7,1%-ды құраған.

Жұмыссыздардың білім деңгейіне келсек, олардың 36,5%-ында орта кәсіби (арнайы) білім, 31,1%-ында жоғары және аяқталмаған жоғары білім, 26,6-%-ында орта жалпы, негізгі және бастапқы білім, 5,9%-ында бастапқы кәсіби білім бар делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button