Сәтбаев

Еңбек қауіпсіздігі – елеулі міндет

     «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өткен жылы еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларына 21 миллиард 340 миллион теңге қаражат жұмсаған. Бұл туралы дерек жақында кәсіпорында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде жарияланған жарыстың қортындысын шығару рәсімінде жария етілді.

Корпорация басшылығы әр жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударып, айрықша күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өткен жөн. Соған орай, құрылымдық бөлімшелердің өндіріс алаңдарындағы ескірген қондырғыларды жаңғырту және ауыстыру шаралары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 97 бірлік жаңа технологиялық қондырғылар сатылып алынып, орнатылған. Осы мақсатқа 2 млрд. 837 млн. теңге жұмсалса, өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылғылардың техникалық тұрғыдағы сапалық ахуалын арттыру мен сенімділігін жетілдіре түсу жұмыстарына 1 млрд. 655 млн. теңге шығындалыпты. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі шараларын атқару, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен азаматтық қорғанысты нығайту үшін 470 млн. теңге бөлінсе, жұмысшылар денсаулығын қорғауға бағытталған қаржы көлемі 512 млн. теңгеден асып жығылған тәрізді.

Алып компанияның басшылығы ізгі ниетпен атқарылған іс-шаралардың түпкі қайтарымы нәтижелі болып, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселесінде оң өзгерістер орын аларына сенімді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button