Референдум
Ең алғаш рет дауыс берді
Жаңаарқалықтар жалпыұлттық референдумде белсенді дауыс беруде. Айтып өтері, өмірінде тұңғыш рет дауыс беріп отырған тұрғындарға сыйлықтар табыс етілді. Солардың бірі – 18 жастағы Нұрасыл ДАХБАЙ.

«Ауданымызда дауыс берушілердің ішінде 18 жасқа толған Нұрасыл ел болашағына бейжай қарамайтынын танытып, референдум учаскесіне келіп, алғаш рет дауысын берді. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті, жас дауыс берушімізді құттықтап, сыйлық табыстадық», — дейді аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №538 сайлау учаскесінің төрағасы Медет Мұқажанов.
Қасымхан ҒАЛЫМ.
ЖАҢААРҚА ауданы.