ЖаңалықтарРесми

Достық үйінде республикалық лекторий өтті

Бүгін Қарағанды қаласының Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен  «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» атты республикалық лекторий өтті.

Аталған шара Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыру жолында қоғамды топтастыруға бағытталған. Оған Қарағанды облысының  Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар, Қарағанды медициналық және техникалық университеттерінің  студенттері, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Сәтбаев қаласының «Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығы» жетекшісі Гульназ Гатиятова және «Т.Г.Шевченко атындағы Украин мәдени орталығы» ҚБ жетекшісі Оксана Жук қатысты. Ұлытау облысынан келген қонақтар «Қоғамдық келісімді нығайту – қызметтің маңызды құрамдас бөлігі» және «Мәдениетаралық диалог- Қазақстан бірлігінің кепілі» тақырыптарында дәріс оқыды. Сонымен қатар, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің жетекшісі Айжан Дюсекеева өңірде медиация саласының дамуы жайында баяндама жасады.

 Аталған дәрістер аясында қатысушылар келесі мәселелер бойынша тәжірибе алмасты:

– оғамдағы татулық пен келісімді сақтау үдерісінде Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары төңірегінде халықты топтастыру;

– Жаңа Қазақстан және ұлтқұру идеясын жүзеге асыруға барлық азаматтарды тарту;

– азаматтардың жеке немесе ұжымдық қатысу арқылы мемлекетті басқаруға деген ұмтылысын қалыптастыру;

– біріктіруші құндылықтарды қалыптастыру арқылы қазақстандық этностардың мәдени мұрасы мен дәстүрін сақтау және дамыту;

– қазақ халқының біріктіруші рөлін айшықтау;

– мемлекеттік тілді ілгерлету және үйрену.

Іс-шара қорытындысында  ҚХА  жобаларын өнегелі үлгі ретінде көрсету және жоғарыда  қарастырылған мәселелер төңірегіндегі  өзекті идеяларды ілгерілету жолдары  туралы  ой-пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ, шара соңында қатысушы қонақтарға Қарағанды Достық үйіне экскурсия жүргізіліп, этномәдени бірлестіктер музейі таныстырылды.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button