Бұқар жырауАймақБас тақырып
Доскей ауылында жаңа мектеп ашылды
Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында жаңа мектеп ашылды. “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасы аясында бой көтерген нысан 300 оқушыға арналған. Заманауи білім беру талабына сәйкес жабдықталған.

Оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында хореография, сәндік-қолданбалы өнер,

көркемөнер және спорттық бағыттар бойынша үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді.

Доскей ауылындағы мектептің ашылу салтанатына

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын қатысты. Салтанатты шара мектеп оқушыларының концертіне ұласты.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



