Теміртау
Депутаттар қамқорлығы
«Мектепке жол» акциясы оқушылардың қажетін ашуда. Бұл шарапатты шарадан теміртаулықтар да қалыс қалып отырған жоқ.
Жақында Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары өздерінің қамқор пейілдерін танытты. 150 балаға оқу-құралдарымен толтырылған рюкзактар табыс етті.
Жалпы, биылғы жылы Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі мектептерде 23 мыңның шамасында оқушы білім алатын болады. Оның 2797-сі мектеп табалдырығын алғаш аттаса, 1 мың бала мектепалды даярлық топтарына қабылданды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.
ТЕМІРТАУ қаласы.