Жаңалықтар

Дау шешудің тиімді жолы

    Қарағандыдағы №2 Қазыбек би атындағы аудандық сотының мамандары облыстағы медиаторлармен бірлесіп, дөңгелек үстел өткізді. Медиация институтын дамыту, соттарда дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін шешуге қатысты мәселелер сөз болды.

Жиында медиацияның, медиатордың көмегіне жүгінушілердің қоғамда аздығы айтылды. Осыған орай халыққа заңды түсіндіру жұмыстарын әлі де жетілдіру керек. Медиацияның біздің елімізде болашағы зор, сондықтан, бір деңгейде қолдасақ қоғамға игі әсерін тигізеді дегенге саяды көптің пікірі. Жиында медиация институтын дамыту мақсаты көзделді. «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы Света Шардарбекованың айтуынша, облыстық әкімдік және №2 Қазыбек би атындағы аудандық соты меморандумға сай жұмыс жасайды. Осы мақсатта жұмыс жасайтын «Қоғамдық келісім» КММ жанында медиация бөлімі бар. Онда кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қамтылған. Кейде сот шешіміне байланысты тараптар ортақ шешімге келмейді. Шыққан күннің өзінде бір тарап аппеляциялық, кассациялық сатылар бойынша әрі қарай шағымданып жатады. Медиацияның артықшылығы бұл – медиатор және дауласушы тараптардың өзара келісе отырып, ортақ бір шешімге келуі. Сондықтан, екі тарап өзара келіссе, даулы мәселе ары қарай өрбімейді. Медиатордың көмегімен келісім бекітіледі.

Алмаз ИБРАЕВ, № 2 Қазыбек би атындағы аудандық сотының төрағасы:

– Медиация, медиатор ұғымдарының елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» заңы себеп болды. Дөңгелек үстелде айтқанымыздай, медиаторларды мәселеге араластыру ең алдымен сот ісін жеңілдетеді. Осы мақсатта «Қоғамдық келісім» ұйымымен бірлесіп, медиаторлармен келісімге отырдық. Бұл ретте медиаторлар біздің сотта кезекшілікке тұрып, судьялармен бірге даулы мәселелерді сотқа жеткізбей қатысушыларды тыңдайтын болады. Сондай-ақ, сотқа жеткен істерді медиаторлар көмегімен шешуді де жоспарлап отырмыз. Іс біткен соң олар екі жақпен әңгімелесіп, мәселенің байыбына бара алады.

Медиаторлардың айтуынша, көпшілік азаматтар дауын сотқа беріп қойған соң, қайтып алуға болмайды деп шешім қабылдайды. Ал, осы орайда медиацияның тиімді тұсы – дауды соттың қарауында жатқанда да сұратып алып, медиаторлар шешіміне ұсына алады. Ал, іс медиация рәсіміне берілгенде, сот іс жүргізуді тоқтатады. Медиация тиімділігінің нәтижесінде мәмілеге қол жетіп, келісім жасалып, екі жақ қол қояды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button