Шет

Дамудың жаңа белесі

     Бұрма мектебінің қоғамдық-гумманитарлық «Асыл мұра» бағытындағы бірлестік жетекшісі (осы жолдардың авторы) және тіл мамандары Г.Ахмет, Ш.Әбдікерова, Н.Сейіт және мектеп ұжымы сыр-сұхбат өткізді.

Кездесу барысында елімізді рухани жаңғыруға бастайтын маңызды құжат – латын әліпбиіне көшу жайы айтылды. Сұхбат барысында рухани жаңғыруға қатысы мәселелер талқыланды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Сейіт «Ахмет Байтұрсынұлы қазаққа сыйға тартқан 42 әріптен Алаш жұрты хат таныды. Біз түркі тектес халықтың болашағымыз. Әзірбайжан, Өзбекстан егемендік алған кезде бірден латын қарпін өздеріне қайтарып алды. Біз де латын қарпін қазаққа дара жол қылуымыз керек» деп атап өтті.

Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілді кеңістігімізді кеңейтеміз.Латын жазуы жер шарының кез келген шалғай түкпірінде жүрген қазақтардың бір-бірімен қазақ тілінде тікелей байланыс жасауына, ақпарат алмасуына, ата жұрттың жаңалықтарынан күн сайын хабардар болуына ықпал жасайды.

 

Сабира МАЙҚАНОВА,

Бұрма орта мектебінің

мұғалімі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button