Ресми

Дәстүр ұмытылмайды

ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, Қарағандыда «Dástúr» этно-мәдени өнер орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын мен AMANAT партиясы филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков қатысып, жылы лебізін білдірді.

Суреттерді түсірген автор

Игі шараға зиялы қауым өкілдері де қатысты. Сонымен қатар, өнер орталығының жетекшісі танымал әнші, облыстық мәслихаттың депутаты Меруеш Башай ұлттық өнер атаулысының мәні зор екендігін мәлімдеді. Ал, Бекзат Қомарұлы өз сөзінде:

– Дәстүр мен ғұрып ұлттың туабітті асыл мұрасы. Халықтың кескін келбеті. Алғыс айту күнімен тұспа тұс келген ақжолтай ақпар жұртшылық жүрегінен орын алсын. Дәстүрін дәріптеген ұрпақ қуатты болары һақ! – деді.  

Толығырақ нұсқасын басылымның алдағы санынан оқи аласыз!

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button