Шет

Дән сіңіруге дайын

   «Көктемнің бір күні жылға азық» деген. Диқандар қауымының мазасыз науқаны басталды. Дархан дала төсінде дән себу қызу жүргізіліп, еңбек дүбіріне бөлейтін кез де алыс емес. Жылма-жыл мол өнім алуда алдыңғы қатардан көрініп жүрген Шет ауданының диқандары биыл да биік межені белгілеп отыр.

Берекелі өнімнің халық дастарқанын молайтып, тоқшылық әкелетіні сөзсіз. Диқандар үстіміздегі жылы 19720 гектар алқапқа дән сіңіруді ұйғарып отыр. Нақтылай айтсақ, 6600 гектар жерге бидай, 12770 гектар жерге арпа тұқымы сіңіріледі. Мұнымен қоса, 350 га. алқапқа сұлы тұқымы егіледі. Мамандардың айтуынша, тұқым себу көлемі былтырғыға қарағанда 10 пайызға артады. Нұраталды округіндегі «Бурабай» шаруа қожалығының ұжымы майлы дақылды бұйра зығырды себуді қолға алады.

Көктемгі дән себудің ұйымшылдықпен басталып, қысқа мерзім ішінде аяқталуы жанар-жағар майдың дер кезінде жеткізілуіне байланысты. Диқандар 400 тонна дизелдік отынға тапсырыс берді. Демек, жанар-жағармайдан кедергі болмауға тиіс. Қазірдің өзінде тиісті орындармен келісім-шарт жасалды. Техникалар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Науқандық жұмысқа дайын. Егістік алқапқа 1774 трактор шығарылады. Дән себетін агрегаттар да науқанға сақадай сай сапта тұр.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button