Жаңалықтар

«Case-in» – жаңашыл жастар байқауы

       Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Case-in» халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.

IMG_4042

Чемпионатта факультеттің білім алушылары командаларға бөлініп, он күн ішінде инженерлік кейстерде берілген тәжірибелік тапсырмалардың шешімін табуға тырысты.

Кейстердің қалай орындалғанын бағалау үшін өңіріміздің тау-кен және энергетика саласындағы жетекші компанияларының өкілдері, атап айтқанда «Углесервис» АҚ директорының орынбасары Л.Авдеев, «Қарағанды Жарық» ЖШС қосалқы станциясының бастығы И.Давыдов, «Kazpromavtomatika» ЖШС директоры В. Чайка, Тау-кен саласы бойынша «Nova Цинк» ЖШС бас директоры С.Асан, «Арселор Миттал Темиртау» КД АҚ «Геоболжау және геомеханика» техникалық басқарма бөлімінің басшысы Д.Сом, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тау-кен өндірістік кешенінің геотехникалық бөлімінің сараптамашысы А.Байтажиков қатысты. Ал, бизнес-кейстердің ғылыми тұрғыдан дұрыс әрі нәтижелі орындалуына салалық сарапшылар мен ғылыми орталықтар өкілдері мен университет ғалымдары баға берді. Биылғы чемпионатқа тау-кен ісі факультетінен 1-4 курс студенттерінен 8 команда және энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінен 5 команда қатысты.

Айта кеткен жөн, чемпионатта кен өндіру бойынша маңызды білім беру жобалары талқыланады. Онда қазіргі заманда ең үздік деп саналатын бизнес-кейс тапсырмаларын шешу, оқыту технологиясы қолданылады. Қазақстан, Ресей, Моңғолия және чемпионатқа қатысушы өзге елдерінің ЖОО-да тау-кен, электроэнергетика бағыттары бойынша білім алып жатқан шығармашыл, талантты жастарды анықтап, оларға қолдау көрсетеді. Чемпионат барысында тың идеяларымен көзге түсіп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындаған жас мамандар ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.Жас инженерлердің жобалары орындалу технологиясына, ұсынған идеяларының жаңашылдығына, экономикалық тұрғыдан тиімділігі және ұсыну шеберлігіне қарай бағаланады.Жоба қорғау барысында төмендегі тау-кен ісі бойынша І орынды – «Карметан» командасы жеңіп алды. Энергетика бағыты бойынша «KSTU Energy», «Наследие Тесла», «Mr.Wolfe» командалары үздіктер қатарынан көрінді.

Жалпы, «Case-in» халықаралық инженерлік чемпионаты электроэнергетика, тау-кен ісі, геологиялық барлау, металлургия, мұнай-газ ісі сияқты бес бағыттан тұрады. Төрт ай уақыт ішінде чемпионатқа Ресей Федерациясы, Қазақстан, Моңғолия, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің 35 өңірінен 47 жоғарғы оқу орнының білім алушылары бақ сынасады. Ең үздік шыққан команда мүшелері 2017 жылдың 30-31 мамыры күндері Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін чемпионаттың ақтық финалына қатысуға жолдама алады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button