Жаңалықтар

Бюджет орындалысы – жіті назарда

      Қаржы басқармасының қызметі бюджеттік жоспарлау, бюджетті орындау және есеп жүргізу саласындағы кешенді іс-шараларды орындауға бағытталған. Өткен жылы облыстық бюджет 199,4 млрд. теңге сомада бекітілді. Мұның ішінде, меншікті кірістер – 47,8 млрд. теңге немесе жалпы бюджет көлемінің 24%, субвенция – 99 млрд. теңге немесе 50% және нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер – 49,1 млрд. теңге немесе 25%.

2017 жыл ішінде облыстық бюджеттің түсімдері 27,9 млрд. теңгеге өсті және 227,3 млрд. теңгені құрады.

Облыстық бюджеттің өз кірістері, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан пайдаланылмаған қаражатты қайтару, әкімшілік айыппұлдан түскен түсімдер және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы есебінен, 4,2 млрд. теңгеге артқан.

Қазақстан Республикасының салалық министрліктерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 15,8 млрд. теңгеге өсті.

Бұдан басқа, 2017 жылғы қыркүйекте Балқаш, Жезқазған, Қарағанды қалаларында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін 5,2 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздарды шығару арқылы қосымша қаражатты қарызға алу жүргізілді.

2017 жылы әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 69,7 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Олардың өсуі бір жыл ішінде 2,7 млрд. теңгені құрады. Қаражаттар білім беру объектілерін күтіп ұстау және жөндеу, білім беру және денсаулық сақтау, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқулықтар, жаңадан анықталған науқастар үшін тегін дәрілік заттарды сатып алуға, мүгедектер үшін қымбат тұратын сурдотифлоқұралдарды сатып алуға, сондай-ақ, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінде мерейтойлық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қосымша бағытталды

Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау үшін, салық салу базасын ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің кірістерін арттыруға аймақтарды ынталандыратын тетіктерді енгізу бойынша шаралар қабылданды.

Жыл қорытындысы бойынша, салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыруда облыс көлемінде 2486 салық төлеушіден 592,4 млн. теңге түсті немесе жоспардың 117%.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджетке түскен түсімдер 228,4 млрд. теңгені немесе 100,6% құрады.

2017 жылы облыстық бюджет шығыстар бойынша 227,2 млрд. теңгеге немесе 100% орындалды.

2017 жылдың қорытындысын 2016 жылмен салыстырғанда, оң динамика байқалады. Онда орындалу түсімдер бойынша – 96,4% -ын және шығыстар бойынша 95,9% құрады.

Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалды. Еңбекақы және стипендия төлеу қамтамасыз етілді.

Аудандар мен қалалардың бюджетіне түскен барлық қосымша кірістер алынбады. Олар аймақтар иелігінде қалды. Бұл аудандардың және қалалардың экономикалық дамуы және салық салынатын базаны кеңейтуге ынталандыруды күшейтеді.

2018 жылға бекітілген облыстық бюджет атқарушы биліктің халық алдында әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауын, аграрлық секторды дамыту, шағын және орта бизнесті, көлік, энергетика және тұрғын үй инфрақұрылымын және қауіпсіздікті, тұрақты экономикалық өсу арқылы стратегиялық міндеттерді іске асыруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

2018 жылға бюджет көлемі 204,5 млрд. теңгені құрайды.

2018 жылға облыстық бюджеттің меншікті кірістері 55 млрд. теңге сомада қалыптасты. Нақты түсім 1,8 млрд. теңгеге немесе 3,4%-ға өсті.

Бұдан бөлек, түсімдер бойынша: жоғары тұрған бюджеттен 104 млрд. теңге сомадағы субвенциялар; төмен тұрған бюджеттен бюджеттік алып қоюлар – 2 млрд. теңге; Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты төмен тұрған бюджеттерден шығыстарды қайтару – 3,7 млрд. теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 1,6 млрд. теңге; нысаналы трансферттер және бюджеттік несиелер көлемі 38,2 млрд. теңге ескерілді.

Бюджеттің жалпы көлемінің шамамен 36%  (аймақтарға берілетін субвенцияларсыз) әлеуметтік сала шығындарына бағытталған. Абсолюттік мәнде осы бағыт бойынша шығыстар 54 млрд. теңгені құрайды.

2018 жылы білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстарын жүргізу, олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасады. Ол бірқатар көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 7,5 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде білім беруге – 3,2 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 4,3 млрд. теңге.

2017 жылдан бастап, полицияны жарақтандыруға шығыстар айтарлықтай көбейді. Жыл сайын осы мақсаттарға шамамен 2,5 млрд. теңге қаралады.

Жол сапасын жақсарту және транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін облыс жолдардын жөндеу жұмыстарын жүргізуге өткен жылғыдай шамамен 12 млрд. теңге қаражат қаралуда.

2018 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша елеулі мемлекеттік қолдау көрсету жұмысы жалғастырылады. Бұл мақсатқа 16,3 млрд. теңге қаралған. Аграрлық саясатта еңбек өнімділігін арттыруға нақты бағыт, сондай-ақ, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортының өсуі бар.

2018 жылға дамытудың бюджет шығыстары 33 млрд. теңгені немесе жалпы бюджет көлемінің 16,1% құрайды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Қарағанды, Теміртау қалаларында және Ақтоғай ауданында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары аясында, Сәтбаев қаласында құлау аймақтары тұрғындарын көшіру үшін 107 екі пәтерлі тұрғын үйлер мен 2 жатақхана құрылысын аяқтау, Жезқазған қаласы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жоспарлануда.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасы шеңберінде, Қаражал, Приозерск, Балқаш қалаларында және Абай ауданында су құбыры желілерінің, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде кәріз желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

2018 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде  Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған, Балқаш қалаларында және Жаңаарқа, Осакаров, Нұра, Бұқар жырау және Шет аудандарында тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, Бұқар жырау, Қарқаралы және Нұра аудандарында 2015 жылғы су тасқыны кезінде құлаған 4 көпірді қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Шет ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасады және Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

2018 жылға жергілікті атқарушы органның резервінде 950 млн. теңге сомада, ең жоғары көлемде қаражат жинақталған. Бұл қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай туындағанда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасын іске асыру аясында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы бойынша ауыл округі, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджет енгізілуде.

2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қаржылық орталықсыздандыруды дәйекті жүргізу үшін өткен жылдың желтоқсанында тұрғындар саны 2 мың адамнан асатын 47 елді мекенде дербес бюджеттер бекітілген.

2020 жылдан бастап, облыстың қалған барлық 155 елді мекендерінің дербес бюджеттері бекітілетін болады.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне салықтың және салықтық емес түсімдердің 7 түрі берілген. Осы қаражаттардың есебінен білім, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары, құрылыс, жолдарды жөндеу және күту, тағы басқа бағыттарда шығындардың 19 түрі қаржыландырылатын болады.

Бұл бүкіл вертикалдар бойынша қаржылық дербестікті арттыруға, жергілікті бюджеттердің қаражатын бөлу процесіне жергілікті халықты тартуға және азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

2018 жылы қаржы басқармасы тарапынан Мемлекет басшысы және ел Үкіметі қойған міндеттерді іске асыру бағытындағы жұмыстар жалғастырылады.

А.САТТЫБАЕВА,

Қарағанды облысының

 қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button