Руханият

Бояуынан сезіліп қала демі

Қарағандыда «Уақыт пен кеңістіктегі Қарағанды» атты суретшілер көрмесі өтті. Оған алты қылқалам шебері өз туындыларын қойды. Картинаның барлығы дерлік кеншілер шаһарының тарихы мен тыныс-тіршілігінен үн қатады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Шығармашылық симпозиумға Айбек Бегалин, Бейбіт Мұстафин, Виктор Арент, Игорь Раков, Қаныш Балабеков, Мәдихан Қалмаханов сынды қарағандылық суретшілер қатысты. Шарт бойынша әр қатысушы Қарағанды туралы 120 см-ден 100 см-ге дейінгі форматтағы бір көркем сурет салуы керек еді. Қылқалам шеберлері картиналарын 20-28 тамыз аралығында салып шығыпты.

– Көрмеде симпозиумның қорытынды жұмыстарынан басқа, біздің музей қорындағы сол суретшілердің туындылары ұсынылған. Көрермен суретшілердің бұрынғы және қазіргі картиналарындағы айырмашылықты салыстырды. Картиналар шынымен де бір-біріне ұқсамайды.
Суретшілер өз стилін, ырғағын, түсін көрсете алды, – деді облыстық бейнелеу өнері музейінің басшысы Бибігүл Құдабаева.

Қаныш Балабеков өзінің картинасын «Менің Қарағандым» деп атапты.

– Екі жылға жуық қолыма қылқалам алмадым. Бірақ, симпозиумға қатысудан бас тартқан жоқпын. Өз туындымда Қарағандының даму тарихын көрсетуді ұйғардым. Суретте адамдар жоқ. Олардың бейнелері бас киімдермен белгіленген. Аппақ Байжановпен болған оқиғаны бәрі біледі. Ол бөрік киген. Суретімде 1930-1950 жылдардағы шахтерлердің қалпағы, содан кейін шахтерлердің заманауи каскасы бейнеленген. Сондай-ақ, арбалар мен пойыздарды, киіз үй мен казарманы және Қарағандының бүгінгі көпқабатты үйлерін салдым, – деп түсіндірді суретші.

«Комиссаров көшесінде тұратын қарағандылық» деп аталатын картинаның салыну тарихы туралы Мәдихан Қалмаханов, авторы айтып берді.

– Мен Комиссаров көшесіндегі симпозиумға бір апта қалғанда бардым. Күн бұлтты болды. Аздап жаңбыр жауды. Үйлердің бірінің жанындағы орындықта бір әйел отырды. Ол мені бірден баурап алды. Сұлу әйелді бейнелеуге рұқсат сұрадым.
Дәл осы әйелді салғым келді. Суретте күнді бейнеледім. Өйткені, Қарағанды жарқын қала. Адамдары да күн секілді, – деп бөлісті суретші.

Ал, Айбек Бегалин «Қарағандыға мадақ» деп атаған картинасы туралы сыр шертті.

– Менің картинамның негізгі идеясы – өткен мен болашақтың сабақтастығы. Идеямды қала сәулетімен тікелей байланыстырдым. Қарағандының рухы тұрғындарымен сезіледі. Сондықтан, қарағандылықтардың жарқын бейнесін салдым, – деп атап өтті Айбек Бегалин.

Симпозиум қатысушыларына ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Суретшілердің барлық жұмыстары мұражай қорына тапсырылды. Кейінірек жинақ-альбом шығару жоспарланып отыр екен. Жинақ-альбомға симпозиумдағы картиналар, суретшілер туралы ақпарат енбек.
Бұл шараны Қарағанды қаласының әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, облыстық бейнелеу өнері мұражайы және Теміржолшылар мәдениет үйі бірлесіп ұйымдастырған.

Бұл шара Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай тағылымды шаралар әлі де жалғасын табады. Қаланың тарихы, өмірі, сәулеті тың форматтарда дәріптелмек. Осы мақсатқа шаһардағы таланттар жұмылдырылады дейді ұйымдастырушылар.

Ерік Нарын,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button