Бас тақырып

Болашақ үшін маңызды

Қазақстанда АЭС салудың мүмкіндіктері туралы республикалық халықтық штаб мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша 6 қазан күні маңызды референдум өтеді. Осы маңызды оқиға қарсаңында Мәжіліс депутаттары Арман Қалықов, Бауыржан Смағұлов, қоғам белсенділері және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен бірге Приозерск қаласы денсау­лық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сурет sknews.kz

Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауындағы бірқатар бағыттар туралы және қауіпсіздік пен экология мәселесі талқыланып, әлемдік тәжірибелер жайлы пікірлер айтылды.

– Өздеріңіз білетіндей, Жолдау еліміздің дамуындағы жаңа бағыттарды белгіледі. Ол – тәртіп пен заңды күшейтуге, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қоғамдық сананы дұрыс қалыптас­тыруға бағытталған маңызды бағдар. Сондай-ақ, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таза энергия көзі ретінде атом электр станциясын салудың маңыздылығына мән берілді, – деді Арман Қалықов.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосатынын және бұл экологиялық таза энергия көздеріне мұқтаждықтан болған ұсыныс екенін айтты. Ел болашағы үшін алда өтетін референдумға белсенді қатысатындарын жеткізді.

Өз тілшімізден
ПРИОЗЕРСК

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button