Болашаққа нық сеніммен
Билік пен тараптар арасындағы мемлекеттілікті нығайтып, Елбасының бастамаларын қолдау мақсатында Қарағанды облысының демократиялық күштері коалициясының жиыны өтті.
Жиында мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша мемлекеттік билік өкілеттіктерінің жұмысы талқыланды. Жиын барысын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова басшылыққа алып, барлық саяси партиялардың өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, білім және әлеуметтік сала мамандары қатысты.
«Ел Президенті барлық әлеуметтік топтар мен өңірлердің мүдделерін білдіретін маңызды қадамдарды атады. Ұсынылған реформа бүкіл мемлекеттік басқару жүйесіне бағытталды. Жаңа стратегиялық міндеттер оны жаңғыртуды талап етеді. Бұдан басқа, біздің қоғамымызды демократияландыруды іске асыруға жаңа реформалар да ықпал етеді. Біз партия, қоғамдық ұйымдар көшбасшыларын ұсынылған реформаларды халыққа түсіндіруге белсенді қатысуға шақырамыз», – деді Қадиша Оспанова.
Осы күні Қарағанды облысының демократиялық күштер коалициясы мүшелері Елбасының мемлекеттік басқарудың тиімді және үйлестірілген жүйесін қамтамасыз ету бойынша ұсынып отырған жаңа реформасы Қазақстанды саяси трансформациялаудың эволюциялық кезеңі екенін баса айтты. Қазақстандық мемлекеттік пен демократияны дамыту жолының логикалық жалғасы болып табылатындығын тілге тиек етті.
Александр ЗЕВАХИН, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» Қарағанды облыстық филиалының бірінші хатшысы:
– Біз Президент бастамаларын қолдаймыз. Өйткені реформалар билік пен тараптар арасындағы мемлекеттілікті одан әрі демократияландыру үшін қажет. Осы орайда барлық жұмыстар уақтылы және жоспар бойынша жүріп жатыр. Қайта бөлу өкілеттіктері мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Бірінші кезекте жұмыстарды жауапкершілікпен атқару – заң шығарушы билік үшін маңызды болып отыр. Бұл бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жолға қоюда жаңа серпін болды, – деді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Виталий Тварионас парламент жұмысы алдағы уақытта көпұлтты қазақстанның демократиялық қағидаттарын күшейтуге ықпал етіп, күштердің бірлігін нығайтатындығына сенімді екенін айтты.
Жиынға қатысушы облыстық демократиялық күштер коалициясының мүшелері Елбасының мемлекеттік басқарудың тиімді және үйлестірілген жүйесін қамтамасыз етудегі ұсынып отырған жаңа реформасына қолдау білдірді. Сондай-ақ, парламенттің рөлін күшейту арқылы қоғамдық пікірталас пен дебаттардың негізгі орталықтары, кең әлеуметтік топтардың мүдделерін атқарушы ретінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын тілге тиек етті.
Аяулым СОВЕТ