Жаңалықтар

Болашаққа баспалдақ

«Өрлеу» БАҰО облыстық филиалы Қарағандыдағы Балалар және жеткіншектер сарайымен бірлесе «Мектепке дейінгі жастағы балаларды ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Аталған сарайдың ағылшын тілі пәні мұғалімдері Э.Умеренкова, Е.Чаус пен «Толағай» балабақшасының ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Тапаеваның сабақтары көңілден шықты. Дәрісте мектепке дейінгі жастағы балаларды ағылшын тілінде оқытудың тиімді үлгілері көрсетілді.

Семинарға қатысушылар рефлексия жасау кезінде ағылшын тілін ерте жастан оқытудың үлкен мәні бар екендігін және бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырғандығына ерекше назар аударды.

Г.ХАЙРУЛЛИНА,

«Өрлеу» БАҰО Қарағанды облысы филиалы ПҚ БАИ аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button