Ресми

Бізді үлкен жұмыс күтіп тұр

Есепті жыл Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, ҚР Президентінің «Волонтер жылын жариялау туралы» Жарлығы сияқты елеулі оқиғалармен есте қалды.

2020 жылдың наурыз айында басталған коронавирустық пандемия біздің жоспарларымызға түзетулер енгізді. Көптеген іс-шараларды біз онлайн немесе телеарна форматында өткізуге мәжбүр болдық.

Жалпы, облыс бойынша 2020 жылы атаулы күндерге арналған 600-ден астам қоғамдық маңызды іс-шара өткізілді. Оларға біздің Құрметті ардагерлер, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, діни конфессиялардың өкілдері, жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, металлургтер, кеншілер, студенттер және басқа да тұрғындар белсенді қатысты.

Біз түсіндіру жұмыстарына ерекше мән бердік. Осы мақсатта облыста 19 ақпараттық топ құрылды. Құрамы 673 адамнан тұратын топтарға облыстық құрылымдардың басшылары, танымал депутаттар, қоғам қайраткерлері, педагогтар, дәрігерлер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері кірді.

Аталған топтардың қатысушылары облыстың қалалары мен аудандарындағы кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында, ауылдық жерлерде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қажетті түсініктемелер беріп, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы сұхбат жүргізді. Есепті жылы ақпараттық топ мүшелері 1000-ға жуық кездесу өткізді.

Ақпараттық топтардың қызметіне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жалпы таралымы 2000 данаға жуық 2 әдістемелік құрал шығарылды.

Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздерді қолдану жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс органы болып табылады. Осыған орай, мемлекеттік рәміздерді қолданудың дұрыстығын зерттеу бойынша жұмыс тобы облыстың 10 қаласы мен ауданында болып, 62 мекеме мен ұйымда мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша істің жай-күйін зерттеді, қажетті түсініктемелер мен ұсыныстар берді.

Мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану мәселелері ZOOM форматында өткен «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері» семинарында қаралды. Семинар жұмысына мемлекеттік рәміздерді қолдануға жауапты басшылар мен мамандар қатысты.

Басқарма жұмысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға көп көңіл бөлінеді.

Ішкі саясат басқармасы жанынан «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Кеңсе басшысы – айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы. 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында 6 бағыт және 17 арнайы жоба бойынша 1142 іс-шара өткізіліп, 1,9 млн. адам қамтылды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға, нақты міндеттерді шешуге бағытталған өңірлердегі үздік жобалар жинағын қалыптастырғанын атап өткен жөн. Оған Қарағанды облысының «Ұлтқа қызмет» және «Qasym kitaphanasy» атты екі жобасы енгізілгенін қуана хабарлаймыз.

«Ұлтқа қызмет» жобасы аясында белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар азаматтардың өмірлік құндылықтарын талқылап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі туралы пікірлерімен бөліседі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, академик Төрегелді Шарманов, айтыскер ақын Жүрсін Ерман, академик Дихан Қамзабекұлы, актер Тілектес Мейрамов, бизнесмен және меценат Ерлан Әшім және басқа да танымал тұлғалар жобаның қонақтары ретінде қатысты.

«Qasym kitaphanasy» жобасының мақсаты – балалар мен жасөспірімдер үшін қазақ авторлары жазған шығармаларды түгендеу, сондай-ақ шет ел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аудару. Аталмыш жоба аясында 13 кітап жарық көрді. Жыл сайын 52 кітап шығару жоспарланып отыр.

Біздің облыс бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініс табатын аймақтардың бірі болып табылады және Қазақстандағы БАҚ саны бойынша рейтингте үшінші орында. Бүгінгі таңда өңірде 204 БАҚ тіркелген (41 электрондық БАҚ, 154 баспа БАҚ, 9 ақпараттық агенттік).

Бұл бағытта біз өзіміздің бірінші кезектегі міндетіміз – барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу үшін қажетті жағдай жасау деп білеміз.

Міндеттер қатарына түрлі диалог алаңдарын ұйымдастыру, қажетті ақпаратты уақытылы беру, сыни материалдарға ден қою және т.б. кіреді.

Өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары үшін 80 адам қатысқан арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Басқарма 14 жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын Сұңқар» сыйлығын беру конкурсын ұйымдастырушы болып келеді. Сайып келгенде, 2006 жылдан бастап сыйлық 201 журналиске және 7 БАҚ ұжымына берілген екен.

Орталық коммуникациялардың аймақтық қызметі өзіне сенімді диалог алаңы ретінде көрсетті. 2020 жылы ол тікелей эфирде қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалардың, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен 104 брифинг өткізді.

Басқарманың басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын нығайту.

Қазіргі уақытта облыста саяси партиялардың 6 филиалы тіркелген.

Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің филиалдарымен тұрақты түрде өзара ықпалдасқан жұмыс жүргізіледі, әлеуметтікэкономикалық сипаттағы неғұрлым өзекті мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстелдер», кездесулер, отырыстар, кеңестер форматында әртүрлі «диалог алаңдары» ұйымдастырылады.

Партия филиалдарының басшыларын облыста өткізілетін барлық ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларға шақыру тәжірибесі жолға қойылған. Сондай-ақ, 5 саяси партияның өкілі облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына енгізілген.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарға және Азаматтық VIII форумда қойылған міндеттерге сәйкес құрылды.

Облыста 16 бағыт бойынша жұмыс істейтін 1292 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Үкіметтік емес ұйымдарды халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге тарту үшін мемлекеттік органдар әлеуметтік тапсырыс қалыптастырады. Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 8 облыстық басқармада, сондай-ақ, барлық қалалар мен аудандарда орындалады.

2020 жылы басқарма ҮЕҰ ақпараттықбілім беру орталығын ұйымдастыруға, облыс аумағында ҮЕҰ қызметін қолдау және мониторинг жасау бойынша арнайы сайттың жұмыс істеуіне, ҮЕҰ фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге, жас ұрпақты тәрбиелеуде қарт азаматтардың әлеуетін пайдалануға, елдің тарихи мұрасын танымал етуге, облыстың ардагерлер ұйымдарын қолдауға, гендерлік теңдік мәселелеріне және т. б. бағытталған 16 жобаны іске асырды.

Соңғы жылдары тек облыс орталығы мен ірі қалаларда ғана емес, облыстың ауылдық өңірлерінде де ҮЕҰ санының артып келе жатқаны байқалады. Бұл атқарушы билік пен үкіметтік емес сектордың іс жүзіндегі өзара ісқимылының нәтижесі болып табылады.

100-ден астам белсенді ҮЕҰ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға тартылғанын айта кеткен жөн.

Облыс әкімдігі жанында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді, қоғамдық бірлестіктердің 80%-ы соның құрамына кірген. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық процестерін іске асырудағы ҮЕҰ рөлі мен міндеттері, ҮЕҰ ақпараттық-білім беру орталығының жұмысы, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның одан әрі өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері қаралған 3 отырыс өткізілді.

Ішкі саясат саласындағы қызметтің маңызды бағыттарының бірі – ардагерлердің ұйымдарымен жүргізілетін жұмыс.

Қазіргі уақытта облыста екі ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Атап айтқанда, облыстың барлық өңірлерінде өз құрылымдары бар Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының облыстық филиалы және ауған ардагерлері ұйымы.

Жалпы алғанда, ішкі саясат басқармасы өзінің алдағы жұмысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының одан әрі әріптестігіне ықпал ететін болады, бұл қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге жаңа серпін бермек.

Облыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауды 75 этномәдени бірлестік жүргізеді, оның 51-і Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің қоғамдық аккредиттеуінен өтті. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер жанында 19 жастар қозғалысы жұмыс істейді.

Бірқатар міндеттерді іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат аясында ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубы, қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы, «Еріктілер лигасы» волонтерлер ұйымы, облыстың 4 жоғары оқу орны базасындағы кафедралар, 3 достық үйі, этномәдени бірлестіктерінің 100ге жуық шығармашылық ұжымдары, 310 медиатор және басқалары жұмыс істейді.

Этномәдени бірлестіктер барлық қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен оқиғалардың белсенді қатысушылары болып табылады.

Этносаралық қатынастар саласында тиімді жұмыс жасау мақсатында, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 23 наурыздағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы тапсырмасын орындау үшін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасында этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде бөлім құрылды.

Этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау – негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

2021 жыл енді келгенмен, қазірдің өзінде маңызды әлеуметтік оқиғаларға толы.

Биылғы жылғы оқиғалар тізімінің негізін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрайды. Облыста өтетін барлық ісшаралар осы күнге орайластырылады.

Биылғы жылы қазақ халқының маңдайалды ұлдарының мерейтойын, атап айтсақ, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығын, Әлімхан Ермековтің 130 жылдығын, Жақып Ақбаевтың 145 жылдығын, Қасым Аманжоловтың 110 жылдығын атап өту жоспарланып отыр.

Біздің ең көне облыстық «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріміз 90 жылдығын атап өтеді.

10-қаңтарда Парламент Мәжілісінің, облыстық қалалық/аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті.

2021 жылдың 11-қаңтарында облыстық ҚХА мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XXVIII республикалық сессиясының жұмысына қатысты.

Мұның бәрі бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын білдіреді. Біз алдымызға қойылған барлық міндеттерді лайықты шешу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз.

Ерлан ҚҰСАЙЫН,

Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button