Жаңалықтар
Биыл Балқаш қаласында 30 үй жөндеуден өтеді
Балқаш қаласының “Қоңырат” шағын ауданында 10 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырларын жөндеу жұмыстары басталды.
Биылғы жылы барлығы 30 үйді жөндеу жоспарлануда.
Жөндеу жұмыстары барысында ескі асбестцементті жабындарды бөлшектеу, профильді мырышталған жабындардан, су төгетін жүйелерден құралған жаңа шатыр жабындарын жөндеп, шатырларды құрылыс қоқыстарынан тазарту жүргізіледі. Перхлорвинил және майлы бояу жұмыстары жүргізіледі, бу тосқауылдары да ескеріледі.
Бүгінгі таңда жалпы жұмыс көлемінің 20%-ы орындалды. Жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Үш үйдің қасбеттері боялады. Тағы 17-сінде қасбеттер мен шатырларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz