Референдум

Бірінші рет дауыс берді

16-шы ықшам аудандағы №№141, 142 референдум учаскелерінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде. Мұнда мерекелік көңіл-күй салтанат құрған. Патриоттық әндер ойнап тұр. №141 учаске төрағасы Мартбек Күзембаев қажетті жағдай түгел жасалғанын айтты.

– Сағат 06:30-дан бастап, 30-40 адам келіп күтіп тұрды. Сағат 10.00-ге дейін 400-ге жуық тұрғын дауыс берді, – дейді Мартбек Қайыркенұлы.
Ал, ықшам аудан тұрғыны Жібек Зейкенова да таңмен таласа келіпті дауыс беруге. Елдің ертеңіне, жарқын болашағына сенетінін айтты.
Сонымен қатар, ҚарУ-дың физика-информатика факультетінің ІІІ курс студенті Шұғыла Кәмеледин ең бірінші рет келіп, дауыс берген. Студент бойжеткеннің белсенділігіне риза болған комиссия мүшелері естелікке қойын дәптер мен қаламсап тарту етті.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button