Жаңалықтар
Бірінші рет Қарағандыда! Марафонға қатыс!
3 маусым күні жүздеген, тіпті, мыңдаған қарағандылық бірінші рет өзі үшін және өзінің қаласы үшін марафон бағытымен жүгіреді.
Бас жүлде – 300 мың теңге!
Басталу мерзімі және орны: 2017 жылдың 3 маусымы, сағат 9.00-де, Республика даңғылы, «Қарағанды-Арена» мұз сарайы.
Барлық ниет білдіргендерді марафонға қатысуға шақырамыз. Әрбір қатысушыға дайындығына байланысты жүгіру қашықтығы ұсынылады. Әрбір тіркелген қатысушыға сертификат беріледі. Сондай-ақ, сыйлық ұсынылады!
1 шақырымдық қашықтыққа жүгіру үшін тіркелу міндетті емес.
Сілтеме бойынша тіркеліп, жүгіру қашықтығын таңдаңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfnQSW0-eP50TgSrROTzA56X2A7WKwxpfpWkcx9v4HTKAPvng/viewform